Ақтаулық прокурорлар мүгедектердің құқықтарын қорғау жобасын қолға алды
Курс валют в Актау
на 20/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
20 Апреля, 04:11
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Ақтаулық прокурорлар мүгедектердің құқықтарын қорғау жобасын қолға алды

30 Мая 2017 (19:07) | 1413 | Автор: Нурганым Имашева

 

 

Қала прокуратурасымен «Қоғам – сенің қорғаның» атты халықтың әлеуметтік осал топтарының құқықтары мен мүдделерін қорғау жобасы жүзеге асырылуда.

 

 

-Қоғам – сенің қорғаның» атты жобаның негізгі мақсаты – қала көлеміндегі әлеуметтiк осал топтарының барлық әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріне кедергісіз жүріп тұруына, жұмыспен қамтылуына, мемлекеттік әлеуметтік көмектер мен жеңілдіктерді толық қолдануына, жеке мүліктерінің сақталуына, алимент, жәрдемақыларының мерзімінде төленуін қамтамасыз етіп, мемлекеттік кепілденген құқықтарын тең пайдалануға мүмкіндік жасау.

 

 

Соңғы 2 айда осы жобаның орындалысы бойынша 3 объектінің пандусы жасақталды, 55 мүгедек2 530 000 теңге көлемінде әлеуметтік көмекпен қамтамасыз етілді, 950 мүмкіндігі шектеулі жандар 46 623 000 теңге көлемінде көлік және мүлік салықтарынан босатылды, сондай-ақ қала аумағында 20-ға жуық мүгедектің көлік құралын қоюға арналған автотұрақ белгілері орнатылды.

 

 

Қазіргі таңда, мүгедектердің құқықтарын қорғау жұмыстары жалғасуда,-дейді Ақтау қаласы прокуратурасының бөлім прокуроры Бақдәулет Ахмедов.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему