Заң талабын орындады
Курс валют в Актау
на 29/03/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
29 Марта, 16:36
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Заң талабын орындады

30 Мая 2017 (17:17) | 1533 | Автор: Нурганым Имашева

 

Бүгінгі таңда заңды күшіне енген сот шешімдеріне қатысты олар бойынша өндірілуге тиісті ақша қаражаты борышкерлердің өз міндетін орындауға құлықты болмауы немесе түрліше өзге себептермен уақытылы өндірілмей, борышты өндіру бірнеше жылдарға да созылып кететіні жасырын емес.

 

Осы мәселеге орай, сот актісін орындаудың негізгі принциптері туралы Ақтау қаласы прокуратурасының бөлім прокуроры Б.Сарсенғалиев түсіндірді.

 

Прокурордың айтуынша, «Заңды күшіне енген сот шешімдері, ұйғарымдары, қаулыларымен бұйрықтары, сондай-ақ соттар мен судьялардың заңды өкімдері, талаптары, тапсырмалары, шақырулары мен басқа да жолданыстары барлық мемлекеттік органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, қоғамдық бірлестіктер, басқа да заңды тұлғалар, лауазымды адамдар мен азаматтар үшін бірдей міндетті және Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында мүлтіксіз орындалуға тиіс делінген.

 

Сот актісін орындаудың негізгі шараларының бірі болып: борышкерлердің мүліктеріне тыйым салып, оны сауда-саттыққа салу арқылы сату, банктық есеп шоттарына инкассалық өкім қою, Қазақстан Республикасының аумағынан шығуға шектеу салу, борышкердің жалақысынан немесе басқа табыс көзінен өндіру, сондай-ақ әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке тарту болып табылады.

 

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Заңының 32-бабының 3-тармағына сәйкес, қажет болған жағдайларда орындауды қамтамасыз етудiң бiрнеше түрi қолданылуы мүмкiн».

 

 

-Ақтау қаласының прокуратурасымен мемлекет пайдасына өндірілуге жататын құжаттары бойынша атқарушылық әрекеттерінің уақытылы жасақталуына үнемі түрде бақылау жүргізілуде.

 

Мысалы, борышкер «А»-дан мемлекет пайдасына 129 891 теңге мөлшерінде мемлекеттік баж өндіру туралы атқарушылық құжатының заңдылығына тексеру жүргізіліп, нәтижесінде борышкердің ұзақ мерзім бойы сот актісін орындамай жүргені анықталды.

 

Борышкердің мүліктік жағдайын тексеру барысында екінші деңгейдегі банктық есеп-шоттарында борышкерге тиесілі жинақталған қаражаттың бар екені белгілі болды.

 

Осыған орай, Ақтау қаласы прокуратурасының ұсынысы бойынша борышкерді Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің 669-бабымен әкімшілік жауаптылыққа тарту үшін Ақтау қаласы мамандырылған әкімшілік сотына құжаттар жіберіліп, аталмыш соттың қаулысымен борышкер әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 3 тәулікке қамаққа алынды.

 

Сонымен қатар, сот орындаушылармен борышкердің екінші деңгейдегі банктық есеп-шоттарына инкассалық өкім қойылып, оның қорытындысымен атқарушылық құжаты толығымен орындалды.

 

Осылайша, сот актілерінің орындалысын қамтамасыз ету барысындағы мәжбүрлі шаралар - талап етушілердің құқығын қорғайды және борышкерді қылмыстық жауапқа тарту сот актісін орындау міндетінен босатпайтынын түсіндіреміз,- дейді Ақтау қаласы прокуратурасының бөлім прокуроры Б.Сарсенғалиев.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему