Шағын футболдан ең үздік ұжым анықталды
Курс валют в Актау
на 27/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
27 Апреля, 00:39
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Шағын футболдан ең үздік ұжым анықталды

29 Мая 2017 (18:13) | 2175 | Автор: Мира Ботабекова

 

Ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев халыққа жолдауында: «Дене шынықтыру мен спорт мемлекеттің айрықша назарында болуы тиіс. Нақ сол саламатты өмір салты ұлт денсаулығының кілті болып саналады. Саламатты өмір салтын қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінеді. Өйткені, тек дені сау ұлт қана бәсекеге қабілетті бола алады», - деген болатын. Осыған орай, қазіргі таңда біздің елімізде саламатты өмір салтын насихаттау барысында нақты жұмыстар жүргізілуде.

 

 

Соның бірі Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы мен Ақтау қаласының әкімдігімен бірлесіп, Мемлекеттік қызметшілер күні қарсаңында «Спорт – денсаулық кепілі!» атты спартакиада ұйымдастырды.

 

 

Спартакиада облыстағы мемлекеттік қызметшілер арасында спорттық ойындардыңбірнеше түрінен өткізілуде. Соның ішінде облыс бойынша 29 команданың арасында шағын футболдан Маңғыстау облысы бойынша судьялар мен сот қызметкерлерінен құралған облыстық соттың құрама командасы І орынды жеңіп алды.

 

 

Команда капитаны Ержан Өсерханұлы Қарабаев бастаған шыныққан шымыр, қайтпас қайсар, жігерлі де намысты, епті де жылдам жігіттер үздік ойын көрсетті. Онымен қоса, мықтылардың мықтысы анықталып, бірқатар ойыншыларарнайы жүлделерді де жеңіп алды. Атап айтқанда, Ақтау қаласы №2 сотының жетекші маманы Қалжанов Диас «Үздік қақпашы», ал, Жаңаөзен қалалық сотының жетекші маманы Зәкір Темірлан «Үздік шабуылшы» номинацияларына ие болды.

 

 

Осыған орай облыстық сот төрағасы жеңімпаз команданы салтанатты түрде құттықтап, спартакиадаға белсенді қатысқан ойыншыларға алғыс жариялады.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему