Маңғыстау өрт сөндірушілері шағын футбол алаңында кездесті
Курс валют в Актау
на 17/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Среда,
17 Апреля, 01:31
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстау өрт сөндірушілері шағын футбол алаңында кездесті

29 Мая 2017 (00:05) | 1842 | Автор: Нурганым Имашева

 

«Каспий» спорттық кешенінде Қазақстан полициясының құрылғанына 25 жыл толуын мерекелеуге арналған шаралар аясында Маңғыстау облысының өрт сөндіру бөлімшелері арасында шағын футболдан облыстық жарыс өткізілді.

 

 

Турнирге Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің 14 командасы, Маңғыстау облысы ТЖД Жедел құтқару жасағы (ЖҚЖ) командасы және бір «Өрт сөндіруші» АҚФ командасы қатысты.

 

 

-Кездесудің негізгі мақсаты - азаматтық қорғау қызметкерлері мен жұмысшыларын сауықтыруға және дене шынықтыру дайындығы деңгейін арттыруға ынталандыру, сондай-ақ кәсіби және спорттық шеберлікті шыңдау.

 

 

Тартысты күрес нәтижесі бойынша бірінші орынды Жаңаөзен қаласы 13-МӨСБ командасы, екінші орынды Ақтау қаласы 2-МӨСБ және үшінші орынды «ЖҚЖ» ММ командасы иеленді.

 

 

Жарыстың барлық қатысушылары тартысты өткен ойында денсаулыққа серік болар күш, жігер және энергия қуаттарын бойларына сіңірді. Командалар кубок және дипломдармен марапатталды.

 

 

Жарыста ерекшеленген ойыншылар үздік шабуылшы, үздік қақпашы, үздік қорғаушы грамоталарын иеленд,- деп хабарлайды Маңғыстау облысы ТЖ департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің мемлекеттік тіл және ақпарат тобы.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему