Аймақтың бас құтқарушысы ердің жасы 50-ге толды
Курс валют в Актау
на 25/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Четверг,
25 Апреля, 03:32
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Аймақтың бас құтқарушысы ердің жасы 50-ге толды

24 Мая 2017 (13:14) | 2663 | Автор: Нурганым Имашева

 

Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, азаматтық қорғау полковнигі Базарбаев Қуанар Бекенұлы бүгін 24 мамырда ердің жасы 50-ге толды. Өзі басшылық етіп отырған облыстық ТЖ Департаментінің ұжымы өнегелі басшыларын мерейлі жасымен құттықтап, жүрекжарды тілектерін жолдаған екен. Ізгі тілекке толы құттықтау сөздің мәтінін сол күйінде жариялауды жөн көрдік.

 

 

Мерейтой иесінің Төтенше жағдайлар саласына сіңірген еңбегі, ел амандығын қорғау ісіне қосқан зор үлесі туралы ел-жұрт біле жүрсін, абыройлы, мінсіз қызметі ел ертеңі болар жастарға үлгі-өнеге болсын деген ниетпен Қуанар Бекенұлының ұзақ жылғы еңбек жолы мен ел қорғаны болған айбынды қызметі үшін табысталған мемлекеттік наградалары туралы мәліметтерді де қоса жариялап отырмыз.

 

 

Қуанар Бекенұлын «Тумба» газетінің атынан кемелденген мерейлі жасымен біз де құттықтаймыз!!! Ел алғысын арқалаған абыройлы қызметіңізге толағай табыс, отбасыңызға амандық, деніңізге саулық, шаңырағыңызға шаттық тілейміз.

 

Департамент ұжымының құттықтауы:

Құрметті Қуанар Бекенұлы!!!

Сізді адам өмірінің айтулы белесі – 50 жасқа толу мерейтойыңызбен шын жүректен құттықтаймыз!

 

Сізді өмірден тоқығаны мол, кемел ойлы тұлға ретінде жақсы білеміз. Терең білім, берік ұстаным, іскерлік қабілет және үлкен азаматтық қасиеттер Сізді қатардағы өрт сөндірушіден облыстық Департамент басшысы лауазымы деңгейіне көтерді. Азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесін дамыту мен нығайтуға көп еңбек сіңірдіңіз. Сондай-ақ күрделі мәселелердің әділ шешілуі, құтқарушылардың беделі, абыройы, тұрмыстық мұқтажы қат-қабат тіршілікте ұдайы назарыңызда болатынын күнделікті өмірде көріп жүрміз. Сіздің алдыңыз - кең, жаныңыз - жомарт, қамқор да талапшыл басшы, аяулы аға ретіндегі абзал қасиеттеріңіз тәнті етпей қоймайды, атыңызға затыңыз сай ұлағатты ұстаз, өнегесіз. Осындай еңбек пен тұрмыс тәрбиесі, жеке басыңыздың кіршіксіздігі Өзіңіз, отбасыңыз үшін ғана емес, өзіңізбен қанаттас жүрген әріптестеріңіз, тілектес дос-жаран үшін де зор мақтаныш, абырой, жас ұрпақ үшін нағыз өмір мектебі екендігі даусыз.

 

Қадірлі Қуанар Бекенұлы! Сізге осындай мерейлі күні шын көңілімізбен зор денсаулық, қажымас қайрат, отбасыңызға баянды бақыт тілейміз. Қоғамымыздың игілігі , адамдардың өмірі мен денсаулығын, мүлкін қорғау жолындағы күрделі де жауапты қызметте бұдан былай да абырой биігінен көріне беріңіз.

 

Құрметпен, Маңғыстау облысы ТЖ Департаментінің ұжымы

 

 

Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, азаматтық қорғау полковнигі Базарбаев Қуанар Бекенұлының өмірбаяны:

  1967 жылы 24 мамыр Солтүстік Қазақстан облысы, Шал ақын ауданының Қаратал селосында туылған.

• Білімі: Жоғарғы, 2005 жылы ҚР ТЖ Министрлігінің Көкшетау техникалық институтын бітірген, мамандығы – өрт қауіпсіздік инженері.

 

Еңбекөтілімі:

• 1992ж. СҚОІІДӨҚБ «ТҚ» қоймасының өрт сөндірушісі;

• 1992-1994 ж.ж. Петропавловск қаласын қорғау бойынша ІІДӨҚБ 75-ПІӨБ-нің өртсөндірушісі;

• 1994ж. Петропавлоск қаласын қорғау бойынша ІІДӨҚБ 75- ПІӨБМӨҚ инспекторы;

• 1996-1997 ж.ж. СҚОІІДМӨҚБ анықтау бөлімшесінің инспекторы;

• 1997ж. СҚОІІДМӨҚБӨСКҚ өрттісөндіру басшысының көмекшісі;

• 1997-1999 ж.ж. СҚОТЖМҚМӨҚӨСКҚ өртті сөндіруде аға көмекшісі;

• 199ж. СҚОІІДМӨҚБӨСКҚ өрттісөндіру басшысының көмекшісі:

• 1999-2000 ж.ж. СҚОМӨҚ 2-ӨБ Петропавловск қаласын қорғау бойынша пост бастығы;

• 2000ж. СҚОМӨҚ Петропавловск қаласының 17-ӨБ бастығы;

• 2000-2001 ж.ж. Петропавловск қаласыСҚОМӨҚҚО 17-ӨБ бастығы;

• 2001-2005 ж.ж. Петропавловск қаласы СҚОМӨҚБҚО 17-ӨБҚ бастығы;

• 2005-2008ж.ж. Солтүстік Қазақстан облысы ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмысы қызметі» ММ филиалының бастығы;

• 2008-2011ж.ж. Солтүстік Қазақстан облысы ТЖД «Өртсөндіру және авариялық –құтқару жұмыстары қызметі» ММ бастығы;

• 2011-2012ж. Солтүстік Қазақстан облысы ТЖД «Өртсөндіру және авариялық –құтқару жұмыстары қызметі» ММ бастығы;

• 2012жылдың қыркүйегінен бастап Қостанай облысы Төтенше жағдайлар департаменті басшысының орынбасары;

• 2015 жылдың қаңтар айынан бастап Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы.

 

 

Мемлекеттік және ведомстволық марапаттары:

• «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» медалімен марапатталған;

• «Өртке қарсы қызмет органдарындағы мінсізқ ызмет үшін» II, III дәрежелі медалімен марапатталған;

• «Құтқару операцияларында белсеңді қатысқаны үшін» төсбелгісімен марапатталған

• «Өртке қарсы қызмет органдарындағы мінсіз қызмет үшін» I дәрежелі медалімен марапатталған;

• «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» медалімен марапатталған;

• «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» медалімен марапатталған;

• «Ұлттық ұлан қызметінің үздігі» 1 дәрежелі төс белгісімен;

• «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» медалімен марапатталған;

• «Ішкі істер органдарының ардагері» медалімен марапатталған.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему