Маңғыстаулық мектеп лаборанттары оқытылды
Курс валют в Актау
на 20/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
20 Апреля, 00:32
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстаулық мектеп лаборанттары оқытылды

22 Мая 2017 (23:50) | 2644 | Автор: Нурганым Имашева

 

 

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Маңғыстау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында жуырда «Оқу процесінде зертханалық, практикалық жұмыстарды өткізудің жолдары» тақырыбында семинар өткізілді.

 

Семинар алдына мектеп лаборанттарының әдіс-тәсілдерді пайдалануына, зертханалық және практикалық жұмыс тәжірибелерін дұрыс ұйымдастыруына бағыт-бағдар беру мақсатын қойды.

 

Семинарды «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Маңғыстау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының директоры, психология ғылымдарының кандидаты И.Т.Жұмағалиева ашты. Жаратылыстану-ғылыми (гуманитарлық) пәндерді оқытудың инновациялық технологиялары мен әдістері кафедрасының аға оқытушылары К.Бақтиярова және Д.Матенова жүргізген семинарға облыстың аудан, қалаларынан 39 зертханашы қатысты.

 

Семинардың бірінші күні К.Бақтиярова «Мектептегі лаборанттардың лауазымдық міндеті. Демонстрациялық жұмысты орындау кезіндегі қауіпсіздік талаптары» тақырыбында ақпараттық-коммуникативтік технологияларды қолдана отырып, лабораториялық құралдарды тиімді пайдалану туралы талқылаулар жүргізді.

 

Келесі күні Д.Матенова «Жаңа білім мазмұнындағы оқулықтардың мазмұнына сәйкес кіріктірілген тәжірибе жұмыстармен таныстыру және талдау (7 сыныптарға арналған химия, биология оқулығы)»,«Биология зертханасындағы химиялық реактивтерді және биологиялық препараттарды пайдалана білудің жолдарымен таныстыру» тақырыбында дәріс оқып, оқуда нәтижеге жетудің тиімді жолдарына және өткізу әдістерінің ерекшеліктеріне мән беріп, тиімділігіне назар аударды.

 

Семинардың соңғы күні К.Бақтиярова интерактивті тақта арқылы зертханалық тәжірибелерді көрсете отырып, зертханашыларды тапсырманы терең меңгеруге, дұрыс тұжырым жасауға, қорытынды шығара білуге үйретті.

 

Тренерлер семинарға қатысушылармен бірге білім мазмұнын жаңартуда кәсіби құзыреттілігі мен қызметін нәтижелі қалыптастырудағы көкейкесті сұрақтарды талқылады. Сонымен бірге зертхана жұмысы кезінде кездесетін кедергілерді шешудің жолы қарастырылды.

 

Қибат ШАЙХАТҚЫЗЫ,

Тренер, жаратылыстану-ғылыми (гуманитарлық)

пәндерді оқытудың инновациялық технологиялары

мен әдістері кафедрасының аға оқытушысы.

 

 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему