Маңғыстау облысы прокурорының орынбасары «Өзенмұнайгаз» АҚ-ның еңбек ұжымы және Жаңаөзен қаласы тұрғындарымен кездесті
Курс валют в Актау
на 25/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Четверг,
25 Апреля, 07:26
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстау облысы прокурорының орынбасары «Өзенмұнайгаз» АҚ-ның еңбек ұжымы және Жаңаөзен қаласы тұрғындарымен кездесті

21 Мая 2017 (10:42) | 2904 | Автор: Нурганым Имашева

 

Маңғыстау облысы прокуратурасының баспасөз қызметінің хабарлауынша, 17.05.2017 жылы «Ашық есік күні» акциясын өткізу аясында Маңғыстау облысы прокурорының орынбасары Е.С. Бердібеков Жаңаөзен қаласы тұрғындарымен кездесті.

Кездесудің өткізілетіндігі туралы, қала тұрғындарына алдын-ала бұқаралық ақпарат құралдары арқылы хабарландырылды.

Басқосу кезінде азаматтарға тұрғын үй - коммуналдық шаруашылығы, учаскелік полиция инспекторының жұмысы, атқару өндірісі мен монополияға қарсы мәселелер бойынша заң талаптары түсіндірілді.

Қала тұрғындарының шешілмей жүрген сұрақтары бақылауға алынып, олар бойынша шешу жұмыстары басталды.

Сонымен қатар, облыс прокурорының орынбасары «Өзенмұнайгаз» АҚ-ның еңбек ұжымымен кездесті.

Кездесу барысында Ержан Сакенұлы Қазақстан Республикасы Бас прокурорының бастамашылығымен прокуратура органдарына арналған халықтың сенім деңгейін арттыру мақсатында нақты бағдарламалар жасалып жатқандығы, соның бірі «Өзгерістер бағдарламасы» екенін атап өтті.

Өзгерістер бағдарламасы дегеніміз не?

Біріншіден – бұл адам құқықтарын қорғау механизмдерін жақсарту. Екіншіден – бұл әділ, тиімді және ашық прокуратура. Үшіншіден – бұл біздің және жұмысымыздың жетілген нұсқасы, қоғам мен құқыққорғау органдарының өзара қарым-қатынасын ретке келтіру болып табылады.

-Сондай-ақ, Ержан Сакенұлы еңбек ұжымына прокуратура органдарының елеулі жетістіктері, жүргізіліп жатқан жұмыстар жобасы туралы баяндады.

Акцияның негізгі мақсаты – кәсіпорын қызметкерлерінің құқықтық мәдениетін арттыру және заңгерлік көмек көрсету болып табылады.

«Өзенмұнайгаз» АҚ-ның қызметкерлері облыс прокурорының орынбасарына қоғамдық тәртіпті жақсарту мәселелері, қала көшелеріндегі жол қозғалысы мен учаскелік полиция инспекторларының заңсыз іс-әрекетіне қатысты сұрақтарымен жүгінді.

Акцияның қорытындысы бойынша, 30-дан астам қызметкер ауызша өтінішпен жүгініп, оларға заңгерлік кеңес пен көмек көрсетілді, - деп хабарлайды Маңғыстау облысы прокуратурасының баспасөз қызметі.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему