Ақтауда алып мұз сарайы салынады
Курс валют в Актау
на 24/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Среда,
24 Апреля, 11:19
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Ақтауда алып мұз сарайы салынады

19 Мая 2017 (16:45) | 1487 | Автор: Мира Ботабекова

 

 

Ақтауда алып мұз сарайы салынады. Жаңа кешен қаланың 32-шағын ауданында орналасады. Бүгін чехиялық инвесторлар жобаны облыс әкімі Ералы Тоғжановқа таныстырды. Аумағы 7 мың шаршы метрді алатын нысан құрылысына 4 млрд. теңге жұмсалмақ. Бұл туралы "Қазақстан-Ақтау" тееларнасы хабарлайды.

Спорттық кешен көпфункцияналды болмақ. Ерекшелігі сол, мұз айдыны лезде баскетбол, волейбол немесе шағын футбол алаңына айнала алады. Ол үшін оны ерітудің де қажеттігі болмайды. Тіпті, ринг құрып, бокс, сахна құрып, концерт өткізуге мүмкіндік бермек. Мұнда мұз алаңы ғана емес, фитнес орталық, спорт киімдері дүкені мен мейрамхана да орналасады. Бір сөзбен, сарай әлемдік стандарттарға сай болады. Жоба авторлары осылай деп сендіреді.

Сергей Матвиенко - "H+H TECHNIKA" компаниясының шетелдік жобалар бойынша директоры:

-Бұл заманауи технологиялық құралдармен жабдықталған, жоғары деңгейдегі мұз айдыны болады. 2 қабаттан тұрады. Барлық құралдарды шет елден алып келеміз. Ақтөбеде де салып жатырмыз. Еуропа нарығында және ТМД аумағында жұмыс жасаймыз.

Бұл мемлекет пен жекеменшіктің бірлескен жобасы болмақ. Құрылысқа қажетті қаражаттың 30 пайызы бюджет есебінен қамтамасыз етіледі. Облыс әкімі жобаның көңілінен шыққанын жеткізді.

Ералы Тоғжанов - Маңғыстау облысының әкімі:

-Бірлескен жоба облыс үшін маңызды деп ойлаймын. Келісім жасалды деп санаңыздар. Әкімдік жобаға толықтай қолдау көрсетеді. Бұл құрылыстың арқасында жаңа жұмыс орындары ашылады. Нысанның салыну мерзімі де ұзақ емес.

Компания өкілдері мәлім еткендей, құрылыс 1 жарым жылда толықтай бітеді. Осылайша, Ақтауда қысқы спорт түрлерін дамытуға жағдай жасалмақ. Мәнерлеп сырғанаушыларға талапқа сай жаттығатын орын пайда болады. Ал, хоккейшілер үшін спорт мектебін ашу жоспарланып отыр.

Сергей Пахомов - компания өкілі:

-Онда сабақтар тегін жүргізіледі. Шетелден жаттықтырушылар шақырамыз. 6-7 айдай оқытып, өзіміз мамандар дайындаймыз. Яғни, кез келген жас енді бұл қысқы спорт түрлерімен айналыса алады. Бұл тамаша мүмкіндік болады деп айта аламын. Тек спортшылар үшін ғана емес, барлық тұрғындар үшін бос уақытын тиімді өткізетін жер болады.

Айта кетейін, алаң бір мезетте 2 жарым мың көрерменді сыйдыра алады. Демек, спорт саңлақтарының толағай табыстарын немесе түрлі өнерпаздардың концерттік бағдарламаларын тамашалайтын бөлігі де тарлық етпейді.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему