Жастар арасында қауіп-қатер факторларының алдын алу
Курс валют в Актау
на 20/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
20 Апреля, 21:33
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Жастар арасында қауіп-қатер факторларының алдын алу

18 Мая 2017 (17:24) | 4697 | Автор: Нурганым Имашева

 

«Қолдау-Қазақстан» көп салалы коммерциялық емес холдингі (КСКЕХ) Жаңаөзен қалалық ішкі саясат бөлімінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында Т. Алиев атындағы №1 Жаңаөзен қалалық орта мектебінің акт залында «Жастар салауатты өмір салтын таңдайды!» жастар арасында қауіп-қатер факторларын алдын алу бағыты бойынша кең көлемді акция ұйымдастырды.

Акцияның басты мақсаты – жастар арасында қауіп-қатер факторларын (темекі шегушілік, маскүнемдік, нашақорлық, қылмыс және т.б. мәселелер) алдын алу.

«Қолдау-Қазақстан» КСКЕХ өкілдерінен тыс, шараға Жаңаөзен қалалық ЖДО менеджері Е. Қалиев, ОСӨСҚПО ЖҚФ социологы М. Жаманқұлова, №2 Жаңаөзен қалалық емханасының акушер-гинекологы Г. Умаралиева және мектеп инспекторы, полицияның аға лейтенанты Н. Абдиманап қатысты.

Кездесу барысында «Қолдау-Қазақстан» КСКЕХ, ОСӨСҚПО ЖҚФ, №2 Жаңаөзен қалалық емхасы мен полиция мамандары «Drunk and Dangerous» («Мас күйінде көлік жүргізу») интерактивті көзілдіргі, темекіге қарсы демонстрациялық чемодан, «Темекі шегетін Сью» қуыршақ-симуляторы құралдар және «Спирттің ақуызға әсері» биохимиялық тәжірибе арқылы жастарға темекі, арақ, нашақорлық, токсикомания және т.с.с. қауіп-қатер факторларының зияны туралы ақпаратты жеткізді.

Кедесуге келген әр маман жастарға өзінің саласы бойынша өзекті ақпаратты толық беруге тырысты. Мысалы, №2 Жаңаөзен қалалық емханасының акушер-гинекологы Гүлмира Умаралиева ерте жүктілік бойынша мәселеге ерекше тоқтатылып өтсе, полиция инспекторы Нұрай Абдиманап жастар арасында қылмыстың алдын алу бойынша пікірін білдірді.

Жастарға әртүрлі зиянды әдеттердің алдын алу бойынша әлеуметтік бейнероликтердің көрсетілімі ұйымдастырылып, олардың арасында мінез-құлық қауіп-қатер факторларының алдын алу бойынша ақпараттық парақшалар таратылды. Жас жеткіншектер айтылған мәліметтерді мұқият тыңдап, мамандарға өздерін толғандырған көптеген сұрақтарын қойды. Осы әлеуметтік маңызы бар акциямен 100-ден астам жасөспірім қамтылды.

Шара соңында мектеп басшылығы «Қолдау-Қазақстан» көп салалы коммерциялық емес холдингіне өз алғысын білдіріп, болашақта тағы да басқа басқосуларды ұйымдастыру жөнінде ұсыныс айтты. Акция жоғары дәрежеде өткізіліп, өз мақсатына жетті.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему