Маңғыстаулық самбошылар «Ақтау кубогы» халықаралық турнирінде 35 медальді иеленіп, жеңімпаз атанды
Курс валют в Актау
на 24/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Среда,
24 Апреля, 15:04
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстаулық самбошылар «Ақтау кубогы» халықаралық турнирінде 35 медальді иеленіп, жеңімпаз атанды

18 Мая 2017 (12:20) | 1819 | Автор: Нурганым Имашева

13-14 мамыр күндері 1-шағынаудандағы «Теннис орталығында» Маңғыстау облыстық самбо федерациясының жүлдесіне арналған «Ақтау кубогы» халықаралық турнирі өтті. Дүбірлі доданың салтанатты ашылуына облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Бекболат Байжанов, облыстық мәслихаттың хатшысы Бекмұрат Жүсіпов бастаған аймақта спорттың дамуына айтарлықтай үлес қосып жүрген бір топ азаматтар қатысып, спортшыларға жеңіс тіледі.

 

 

Облыс орталығында осымен үшінші жыл қатарынан ұйымдастырылып отырған байрақты бәсекенің өткізілуі дәстүрге айналды. Оған еліміздің барлық аймақтарынан және Түркия, Армения, Тәжікстан, Әзірбайжан, Якутия, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркіменстан, Ресей мемлекеттерінен келген келген 550 спортшы қатысты. Бірінші күнгі жарыста 2002-2004 жылы туған жасөспірімдер өзара күш сынасты.

 

- Өңірде кең ауқымда мұндай жарыс өткізу арқылы самбо күресінің қарқынды дамуына жағдай жасайтын боламыз. Самбодан өткізіліп жатқан «Ақтау кубогы» халықаралық турниріне біз күткен барлық командалар келді. Жарыс жоғары деңгейде өтуде. Балуандар үш кілемде белдесіп жатыр.

 

Айта кету керек, өткен жылы ұйымдастырылған «Ақтау кубогы» халықаралық турнирінде маңғыстаулық балуандар командалық есепте бірінші орынды еншілеп, бапкерлер үмітін ақтап, аймақ абыройын асқақтатты. Бұл жолы да сол үдеден шығады деп сенемін.

 

 

Дүбірлі додада Маңғыстау облысының намысын 60 спортшымыз қорғады. Барлығы да бабында тұрған балуандар. Біздің спорт мектебінің самбошыларын жарысқа белгілі бапкерлер Берік Жұмағалиев пен Ерлан Серіков дайындады,-деді облыстық «Жас Батыр» мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің басшысы әрі жарысты ұйымдастырушы Манарбек Бисекенов.

 

Ақтауда өткен жарысқа Қырғызстаннан 8 самбошы келген. Олардың арасында 6 «Қырғызстанның чемпиондары» да бар.

 

-Біз Ақтау қаласына алғаш рет келіп тұрмыз. Жарыс өте жоғары деңгейде ұйымдастырылған. Менің бапкерлік салада жүргеніме биыл-7 жыл. Осы жылдар аралығында бірнеше «Самбодан Қырғызстанның чемпиондарын» тәрбиелеп шығардым. Қазіргі таңда 100 жеткіншекті самбо және дзюдодан жаттықтырып жүрмін, олардың арасынан «мықты» деген 8 шәкіртімді бүгінгі жарысқа алып келдім.

 

 

Жарыстың алғашқы күні 46 келі салмақта белдескен Ермек Сүйінбаев атты шәкіртім үмітті ақтап, бірінші кездесуін сәтті аяқтады. Самбодан өтіп жатқан «Ақтау кубогі» халықаралық турнирінен кейін дзюдодан халық батыры «Ер Қосай Құдайкеұлы» атындағы халықаралық турнирге қатысамыз,-дейді қырғызстандық бапкер Құлынбек Естебесов.

 

Шымкенттік бапкер Жадыра Садықова болса, шәкірттерінің 15 медальді қоржынға салатынына сенеді. Өйткені, шәкірттері талай додаларда топ жарып, бапкерлер үмітін ақтаған.

 

-Жарысқа Шымкенттен 25 бала алып келдік. Оның ішінде «Қазақстан Республикасының чемпиондары», күміс жүлдегерлері бар. Түске дейін шәкірттеріміздің белдесулері өтті. Бейбіт Қалжанов атты шәкіртіміз үшінші орынға белдеседі. Одан бөлек самбошымыз Бекасыл Орынбасаров ақтық сынға жолдама алды. Елге 15 медальмен ораламыз деп сенемін. Бұл жарысқа біз биыл бірінші рет қатысып отырмыз. Жарыстың ұйымдастырылуы, жалпы деңгейі өте жоғары. Барлық самбошыларға сәттілік тілеймін,-дейді шымкенттік бапкер Жадыра Садықова.

 

 

Жарыстың алғашқы күні бағын сынаған 2002-2004 жылы туған балуандардың арасынан 38 келі салмақта Нұрсұлтан Манарбекұлы («Жас Батыр» спорт мектебі), 42 келі салмақта Данияр Жолболдин (Маңғыстау ауданы), 46 келі салмақта Жандос Абуов («Жас Батыр» спорт мектебі), 50 келі салмақта Азамат Ақылбаев («Жас Батыр» спорт мектебі), 66 келі салмақта Бексұлтан Тұрақбаев («Жас Батыр» спорт мектебі), 73 келі салмақта Салауат Тоқсанов («Жас Батыр» спорт мектебі), 81 келі салмақта Бейбарыс Бақтыбай (Қарақия ауданы) қарсыластарынан басым түсіп, алтын медальдың иелері атанды. Сондай-ақ маңғыстаулық 4 балуан күміс медальді және 8 самбошы қола медальді иеленді.

 

Екінші күнгі жарыс 2005-2007 жылы туған кіші жасөспірімдер арасында жалғасты. Бұл күні 26 келі салмақта Мағжан Аяпбергенов («Жас Батыр» спорт мектебі), 35 келі салмақта Ыбырай Мұрат («Жас Батыр» спорт мектебі), 50 келі салмақта Мейрамбек Алдаберген («Жас Батыр» спорт мектебі) жеңімпаз атанып, алтыннан алқа тақты.

 

Одан бөлек, маңғыстаулық 5 балуан күміс және 8 балуан қола медальді ұтып алды. Екі күнге созылған жарыстың қорытындысында маңғыстаулықтар облыс қоржынына 10 алтын, 9 күміс және 16 қола – барлығы 35 медальді салып, «Ақтау кубогының» жеңімпазы атанса, ІІ орынға Якутия құрамасы көтерілді, ал Мәскеу облысынан келген балуандар ІІІ орынға жайғасты.

 

Суреттерді түсірген Ақерке Гагаринқызы

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему