Ақтауда мұғалімдерге арналған облыстық оқыту семинары өтті
Курс валют в Актау
на 25/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Четверг,
25 Апреля, 11:37
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Ақтауда мұғалімдерге арналған облыстық оқыту семинары өтті

17 Мая 2017 (10:14) | 3480 | Автор: Нурганым Имашева

 

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Маңғыстау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында 2017 жылдың 10 мамыры күні «Білім беру мазмұнын жаңарту-бүгінгі күннің басты мақсаты» тақырыбында облыстық оқыту семинары өтті.

 

Ағылшын тілі пәні мұғалімдерінің қатысуымен өткен семинар алдына Қазақстан Республикасында білім мазмұнын жаңарту шеңберінде ағылшын тілі пәнінен оқушыларға сапалы, тиімді білім беруге үйрету мақсатын көздеді.

 

Семинарда мұғалімдер жаңартылған бағдарлама бойынша бастауыш сыныптар мен жоғары сыныптарда қолданылатын әдіс-тәсіл ерекшеліктерін көрсетіп, төрт дағдыны дамытуға арналған жаттығулар түрлерімен таныстырды. Тапсырмаларға сәйкес критериалды бағалаудың тиімді жолдарын көрсетті.

 

 

Семинар барысында мұғалімдер іс-тәжірибелерімен бөлісті. Төменде аталған мұғалімдер әріптестер алдында өз таныстырылымдарын қорғады:

1.«Жаңартылған оқу бағдарламасы аясында критериалды бағалауды тиімді қолдану жолдары» - А.Кулмырзаева, Түпқараған ауданы, М.Әбдіхалықовмектеп-гимназиясы мұғалімі;


2.«Қысқа мерзімді жоспар үлгілері» - А.Кенжебаева, Мұнайлы ауданы, №7 орта мектептің мұғалімі;


3.«Бастауыш сыныптар мен жоғары сыныптарға арналған әдістердің түрлері» - Б.Каракулова, Түпқараған ауданы,№1 орта мектебінің мұғалімі;


4.«Ағылшын тілі пәні бойынша дағдыларды дамытуға арналған тапсырмалар жинағы» - Р.Сактаганова, Мұнайлы ауданы, №9 орта мектебі мұғалімі;

 

Білім мазмұнын жаңарту бағдарламасы шеңберінде сабақ берген мұғалімдер қысқа мерзімді жоспар, бағалау, сабақтың мақсаты бойынша жасаған жұмыстарын көрсетті.

 

 

Жаратылыстану-ғылыми (гуманитарлық) пәндерді оқытудағы инновациялық технологиялар мен әдістер кафедрасының аға оқытушысы Айман Мұханбетқызы expert.okulyk-edu.kz сайтындағы ағылшын тілі оқулығымен таныстырды.

 

А.ҚАРАЕВА

«Жаратылыстану-ғылыми (гуманитарлық) пәндерді оқытудағы инновациялық

технологиялар мен әдістер» кафедрасының аға оқытушысы.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему