Мектеп оқушылары өрт сөндіруші- құтқарушыларда қонақта
Курс валют в Актау
на 24/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Среда,
24 Апреля, 14:29
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Мектеп оқушылары өрт сөндіруші- құтқарушыларда қонақта

14 Мая 2017 (20:38) | 2319 | Автор: Нурганым Имашева

 

Бұл туралы мәліметті біздің басылымға Маңғыстау облысы ТЖ департаменті «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің» мемлекеттік тіл және ақпарат тобы жолдапты.

Өрт сөндіруші және құтқарушы мамандығымен танысу мақсатында, № 5 орта білім беру мектебінің 2 «Д» сыныбының оқушылары Ақтау қ. № 1 мамандандырылған өрт сөндіру бөліміне келді.

Мұражай бойынша экскурсияны өрт сөндірушілердің кәсіби даярлық мектебінің аға оқытушысы Жанна Тагисовна Нурбергенова өткізген болатын. Экскурсоводтың әңгімесінен, балалар өрт сөндіру бөлімдерінің әрқайсы өз автотұрақтарына ие екендігін білді. Онда әртүрлі қызметтерді атқаратын өрт сөндіру көліктері орналасқан. Мысалы, көбікті ұнтақпен өрт сөндіру автокөлігі ірі өрттерді сөндіруге арналған. Сондай-ақ, оныншы қабатқа көтерілуге мүмкіндік беретін сатылы автокөлігі бар, шабуылды сатымен кез-келген қабатқа жетуге болады, өйткені оны бір терезеден екінші терезеге қоя алады. Қажырлы қызыл көліктер шақырту күтуде тұрақта еркін орналасқан.

Балаларды өрт сөндірушілердің жабдықтары таң қалдырды. Ол өз кезегінде бірнеше маңызды киім түрлерін құрайды: кең шалбар, аяқ киімдер, тойтармалары бар күртеше, бас киім, ағытпалы қонышы бар карабин ілініп тұратын белбеу. Өрт сөндіруші осы киімдердің барлығын біреу көмекке зәру жағдайда уақыт жоғалтпау үшін он тоғыз секундта киіп білуі тиіс. Балаларға қандай жағдайда өрт сөндіруші киіну керектігін көрсетті. Екінші сынып оқушыларына көрген киімдерінің барлығын өздеріне киіп қарап, өлшеп көру мүмкіндігі ұсынылды.

Жанна Тагисовна қауіп төнген кезде, өрт сөндіру бөліміне қандай телефон нөмірімен қоңырау шалу керектігін айтты. Бұл телефон нөмірі әрбір жан үшін өте маңызды болып келеді, себебі ол адам өмірін құтқаруға және қасіретті болдырмауға мүмкіндік береді.

Өрт сөндірушілердің жұмысы өте қиын және жауапты. Ол арнайы дайындықты қажет етеді. Ол үшін өрттен құтқару спорты құралған.

Өрт сөндірушінің кәсібі адам өмірі мен қауіпсіздігін сақтау үшін өте маңызды. Көмекке зәру жандарға дер кезінде келу әрқашан бірінші орында болуы тиіс.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему