Самбодан «Ақтау кубогі» үшін халықаралық турнир бастау алды
Курс валют в Актау
на 20/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
20 Апреля, 03:24
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Самбодан «Ақтау кубогі» үшін халықаралық турнир бастау алды

13 Мая 2017 (22:52) | 2001 | Автор: Нурганым Имашева

 

Бүгін 1-шағынаудандағы «Теннис орталығында» Маңғыстау облыстық самбо федерациясының жүлдесіне арналған «Ақтау кубогі» халықаралық турнирі басталды. Жарыстың салтанатты ашылуына облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Бекболат Байжанов, облыстық мәслихаттың хатшысы Бекмұрат Жүсіпов бастаған мәртебелі меймандар қатысып, спортшыларға сәттілік тіледі.

 

Облыс орталығында осымен үшінші жыл қатарынан ұйымдастырылып отырған осынау байрақты бәсекеге еліміздің барлық өңірінен және Түркия, Армения, Тәжікстан, Қырғызстан, Әзірбайжан, Якутия, Ресейден келген 20 команда қатысуда. Бүгін жарыс 2002-2004 жылы туған жасөспірімдер арасында өтуде. 14 мамыр күні өтетін жарысқа 2005-2007 жылы туған балуандар қатыспақ.

 

Экстра-класс дәрежесіндегі төреші, облыстың самбодан аға бапкері Берік Жұмағалиев:

-Бүгін самбодан өткізіліп жатқан «Ақтау кубогі» халықаралық турниріне біз күткен барлық командалар келді. Жарыс жоғары деңгейде өтуде. Балуандар үш кілемде белдесіп жатыр. Дүбірлі додада Маңғыстау облысының намысын 60 спортшымыз қорғайды. Барлығы да бабында тұрған балуандар. Бүгінгі жарысқа 2002-2004 жылы туған балуандар қатысып жатыр, ертеңгі бәсеке 2005-2007 жылы туған балуандар арасында жалғасады,-деп мәлімдеді.

 

 

Халықаралық жарысқа Қырғызстаннан 8 самбошы келген. Арасында 6 қырғызстандық чемпиондар да бар команданы бастап келген бапкер Құлынбек Естебесов:

-Біз Ақтау қаласына алғаш рет келіп тұрмыз. Жарыс өте жоғары деңгейде ұйымдастырылған. Менің бапкерлік салада жүргеніме биыл-7 жыл. Осы жылдар аралығында бірнеше «Самбодан Қырғызстанның чемпиондарын» тәрбиелеп шығардым.

 

Қазіргі таңда 100 жеткіншекті самбо және дзюдодан жаттықтырып жүрмін, олардың арасынан «мықты» деген 8 шәкіртімді бүгінгі жарысқа алып келдім. Жарыстың алғашқы күні 46 келі салмақта белдескен Ермек Сүйінбаев атты шәкіртім үмітті ақтап, бірінші кездесуін сәтті аяқтады. Самбодан өтіп жатқан «Ақтау кубогі» халықаралық турнирінен кейін дзюдодан халық батыры «Ер Қосай Құдайкеұлы» атындағы халықаралық турнирге қатысамыз,-дейді.

 

 

Шымкенттік бапкер Жадыра Садықова болса, шәкірттерінің 15 медальді жеңіп алатынына сенеді. Өйткені, шәкірттері талай додаларда оза шауып, бапкерлер үмітін ақтап, аймақтың абыройын асқақтатқан.

 

-Жарысқа Шымкенттен 25 бала алып келдік. Олардың қатарында «Қазақстан Республикасының чемпиондары», күміс жүлдегерлері бар.

 

Түске дейін шәкірттеріміздің белдесулері өтті. Бейбіт Қалжанов атты шәкіртіміз үшінші орынға таласады. Одан бөлек, самбошымыз Бекасыл Орынбасаров ақтық сынға жолдама алды. Елге 15 медальмен ораламыз деп сенемін. Бұл жарысқа біз биыл бірінші рет қатысып отырмыз. Жарыстың ұйымдастырылуы, жалпы деңгейі өте жоғары. Барлық самбошыларға сәттілік тілеймін,-дейді шымкенттік бапкер Жадыра Садықова.

 

Суреттерді түсірген Ақерке Гагаринқызы.

 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему