Еңбек ардагерлері – әрдайым құрметке лайық
Курс валют в Актау
на 28/03/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Четверг,
28 Марта, 23:50
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Еңбек ардагерлері – әрдайым құрметке лайық

12 Мая 2017 (17:55) | 3894 | Автор: Мира Ботабекова

 

 

«Кәсіби әскерилендірілген авариялық құтқару қызметі» республикалық мемлекеттік кәсіпорны Маңғыстау филиалында 7 мамыр - Отан қорғаушылар күні және 9 мамыр – Ұлы Жеңіс күніне арналған «Ардагерлерді ардақтайық!» атты мерекелік шара болып өтті. Филиал қабырғасында ұзақ жылдар еңбек етіп, құтқарушылық қызметтерін абыроймен атқарып, бүгінде зейнеткерлік демалыстағы абзал жандарға сый көрсетуге арналған шараның аясында спорттық шаралар ұйымдастырылып, футбол, арқан тарту, гир көтеруден жарыстар өтті. Еңбек ардагерлері мен жарыс жеңімпаздары кәсіподақ тарапынан арнайы дипломдар мен бағалы сыйлықтарды иеленді. Сондай-ақ, филиал жанынан Тәлімгерлер кеңесі құрылып, оған еңбек ардагерлері мүше болды.

«КӘАҚҚ» Маңғыстау филиалында ұзақ жылдар бойы тер төгіп, құтқару қызметін қырағылықпен атқарған Қойшы Манапов, Өсербай Әлібаев, Аманжан Жаншиев, Әбілбек Мақұлбеков, Болат Кенжеғалиұлы, Бекболат Нұрдәулетов, Жеміс Жұбанышева, Айсұлу Жылқыбаева, Фарида Мұратқалиева және Вячеслав Ефимовтар «Ардагерлерді ардақтайық!» шарасының құрметті қонақтары болды. Ардақты ардагерлерді мекеме басшылары қарсы алып, базадағы авариялық-құтқару қызметіне қажетті құрал-жабдықтар мен жаңа технологияларды көрсетіп, филиалдың тыныс-тіршілігімен таныстырды. Ұжым мүшелерімен кездескен соң қонақтар ақ дастархан басына жиналып, өнеркәсіптік қауіпсіздікті сақтау және апаттардың алдын алу жұмыстарының қиыншылықтары мен маңыздылығын баяндады. Инженер Марат Есжанов пен құтқарушы Арман Бекбосынов меймандарды көңілді әуен мен әсем әнге бөледі. Мерекелік көңіл күйге бөленген ардагерлер жас құтқарушыларға өздерінің өмірлік және кәсіби тәжірибелерін үйретуге дайын екендіктерін айтып, Тәлімгерлер кеңесіне мүше болуға қуана келісті.

* «Тәлімгерлер кеңесін» құрудағы негізгі мақсат – қызметкерлерді белсенді, еңбек сүйгіш және білікті маман болуларына септік ету. Еңбек ардагерлері жас мамандардың жұмыстарын ұйымдастыруға көмектесіп, тәжірибе алмасуға атсалысып, тәлімгерлер - ұжымның кәсіби ұйытқысы болады деп сенеміз,-дейді «Кәсіби әскерилендірілген авариялық құтқару қызметі» РМК Маңғыстау филиалының директоры Байшылық Сарман.

Филиал қызметімен танысып, жұмыс барысынан хабардар болған еңбек майталмандары ұжым мүшелерін маңызды міндеттерін абыройлы да адал атқаруға шақырды. Зейнеткерлік демалыста жүрсе де, филиалдың қызметінен әрқашан хабардар болуға тырысатындықтарын айтты. Сондықтанда, «Ардагерлерді ардақтайық!» шарасын ұйымдастырған мекеме басшылығына өз алғыстарын жеткізді.

* Шара жоғары деңгейде өтті. Ізбасарларымыздың кәсібиліктерімен қоса, түрлі өнерге бейім екендіктерін көріп қатты қуандық. Құтқарушылардың ән айтып, спорттық жарыстарға жанын салып қатысқандықтары керемет! Көптен келмеген бұрынғы жұмыс орнымызды көріп, сыйлық алып, ізгі тілек естіп бір марқайып қалдық! Еліміз үшін маңызды мерекелер- Отан қорғаушылар күні

мен Ұлы Жеңіс күні құтты болып, халқымыз аман, жеріміз тыныш болғай! -дейді еңбек ардагері Өсербай Әлібаев.

Өсербай Көшбайұлы жедел-алдын алу жұмыстары бойынша 2 санаттағы жетекші инженер ретінде «КӘАҚҚ» Маңғыстау филиалынан 2016 жылы зейнеткерлікке шыққан. Еңбек жолы 1968 жылы «Қазақстанмұнайы» мұнай басқармасында 1 разрядты мұнай операторы қызметінен басталған ол 1971 жылы Қазақстандық әскери отряд құрамына жауынгер-респиратор қызметіне алынады. Содан бастап осы салада тек төккен Өсербай Әлібаевтың құтқару қызметі бойынша тәжірибесі мол.

Абзал жандар қос мереке құрметіне орай құтқарушылар арасында өткен спорттық жарыстарды тамашалап, төрелік етті. Қорытынды бойынша футбол ойынынан жарыста «Ақберен» командасы І орын, «Құтқарушылар» командасы ІІ орын алса, ІІІ орынға «Тұлпар» командасы көтерілді. Ала допты шеберлікпен ойната білген жетекші инженер Тимур Сүйекенов «Үздік ойыншы» атанса, құтқарушы Әсет Шеркешбай «Үздік шабуылшы» аталымын жеңіп алды. Арқан тартуда «Құтқарушылар» І орын алса, «Тұлпарлықтар» ІІ орыннан көрінді. «Инженерлерді» жеңген «Ақберен» командасы жүлделі ІІІ орынға көтерілді. 16 келі кір тасын 101 рет көтерген бөлімше командирі Нұрболат Боранбай І орынға лайық деп танылды. Екінші, үшінші орындарды инженер Марат Есжанов пен Жеңісбек Архабаев бөлісті. Жеңімпаздар мекеме басшылығы мен кәсіподақ ұйымы атынан арнайы дипломдар мен сыйлықтарға ие болды.

«КӘАҚҚ» РМК Маңғыстау филиалының баспасөз қызметі

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему