Жетібайда бір үйге оқ жаудырғандар іздестіріліп жатыр
Курс валют в Актау
на 26/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
26 Апреля, 02:33
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Жетібайда бір үйге оқ жаудырғандар іздестіріліп жатыр

11 Мая 2017 (17:05) | 5891 | Автор: Мира Ботабекова

 

 

 

Жетібай ауылында атыс болды. 9-мамыр күні белгісіз біреулер таңға жуық бір үйге оқ жаудырған. Бұл туралы «Қазақстан-Ақтау» телеарнасы хабарлайды. Оқиға экшн жанрындағы фильмнен кем түспепті. Қарақшылық шабуыл Мұнайшы-2 көшесінде болған. Бетперде киіп қаруланған оншақты адам үйдің есік-терезесін талқандаған. Сол уақытта іште 40 шамасында ер адам, 2 жасөспірім қыз, бесіктегі 9 айлық сәби мен жүкті келін қаннен қаперсіз ұйықтап жатқан.

-Ай балалар үйде кілең бала-шаға деп айқайладым, аяғы ауыр келіншек не бар сендерге?! - деп айқайладым, оларды кіргізбеу мақсатымен. Сол кезде қолындағы мылтықпен мені атты. Абырой болғанда есік кілттеулі болатын. Содан қашып есіктің тасасына тығылдым. Атқан оқтары жанымнан зу етіп өтіп, басқа бөлменің есігіне тиді,-деп үй еміс болған оқиғаны әңгімелеп берді.

Бұл оқиға 9 мамыр күні, таңғы сағат 5-те болған. Отбасы мүшелері ұйқыларынан шошып оянады. Мылтықтың дауысын естіген отағасы бірден балаларын қорғап, оларды көрпенің астына ораған.

-Мында келін, бесікте кішкентай 9 айлық бала. Келінімнің аяғы ауыр. Ішінде бала бар 7 айлық, бесіктегі бала 9 айлық. 13 жасар қызым осы бөлмеге кіріп кетті. Барлығын терезенің астына тығып, отырыңдар деп айтып үлгердім. Жан-жағымыздан оқ саулады. Содан соң, тас лақтырған, әйтуір ойларына келгенін істеген. Сол кезде қызым, келінім барлығы терезенің астында отырған. Перде көп көмек болды. 13 жастағы қызымның аяқтары тілініп қалды.

Ал, үй иесінің әйелі Сандуғаш Нілғалиева оқиға кезінде жұмыста болыпты. Келіні қоңырау шалып, полиция шақыртуды өтінуге ғана шамасы жеткен. Мәселенің мән-жайын білместен, тәртіп сақшыларына хабарлайды. Алайда, олар келгенше қарақшылар ізін суытады. Дегенмен оқиға орнында айғақ зат табылыпты. Топтағылардың бірі ұялы телефонын түсіріп алған.

Сандуғаш Нілғалиева, үйдің иесі:

-Кетіп бара жатып бандылардың біреуі соткасын түсіріп алған. Ол сотканы тәртіп сақшылары анықтап, Өзеннің жігіті екенін біліп отыр. Бұрын сотталған. Бірақ сонда да әлі ұстай алмай отыр. Бүгінгі күнге дейін ешкім ұсталған жоқ. Ол жерде 7-8 ер адам жүрді үйді шыр айналып. Соның өзінде біреуінде ұстай алмай отыр.

Оқиға көршілерді де елең еткізбей қоймады. Олар да қатты шошынып қалыпты.

Құндыз Дәулетбаева - зардап шеккен отбасының көршісі:

-Ауылда дәл осындай оқиға жиі болмаған. Кішігірім келіспеушіліктер болды. Бірақ, тап осындай хайуандықпен жасалған, үйге келіп, тып-тыныш уақытта үйге келіп оқ жаудырған деген сұмдық. Шыны керек, бізде қорықтық. Үйге қонуға қорықтық.

Абырой болғанда үйдегі азаматтардың бірде бірі жараланған жоқ. Оқ үйдің терезелеріне, есіктері мен қабырға, төбеге бірнеше жерден тиіп, тескен.

Жеңістің 72 жылдығын тойлайтын таңда болған бұл оқиға Жетібай тұрғындарын дүр сілкіндірді. Бейбіт заманда қару атқандар кімдер? Қазір осы оқиғаға байланысты облыстық ішкі істер департаменті қылмыстық іс қозғап, оқ атқандарды іздеу шараларын жүргізіп жатыр. Сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Әлеуметтік желі арқылы Жетібайдағы үйге оқ жаудырған болуы мүмкін деген 6 адамның фотосы тарап жатыр.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
Гульмай, 11 Мая 2017 (23:58)
1 0
мынау не маскара ай, күннің аманында!?. Ақырзаман ба деп ойларсың...қазақты қазақ атып не көрінген? Жан түршігетін жағдай... Үй ішіндегі шиеттей балалардың, аяғы ауыр уйелдің барын біле тұрып, мылтықтан оқ жаудырған лағнеттердің аттары өшсін!!! Жер бетіндегі ең мүсəпір жəндіктер екенін дәлелдейді қылмысты істері. Халық алдында халықтың атымен сотталып ең ауыр жаза қолдансын бұндай опасыздарға...
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему