Марал Қадыр 7 жылға сотталды
Курс валют в Актау
на 29/03/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
29 Марта, 19:37
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Марал Қадыр 7 жылға сотталды

10 Мая 2017 (17:10) | 2934 | Автор: Мира Ботабекова

 

 

Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марал Қадыр 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Облыстың бас дәрігері сондай-ақ, өмір бойына лауазымдық қызмет атқарудан шеттетіліп, бар мүлкі тәркіленетін болды.

Бүгін Ақтау қалалық сотының төрағасы Мәлік Кенжалиев арнайы баспасөз мәжілісін өткізіп, 5-мамыр күні шыққан соттың шешімін оқып берді. Марал Қадырға қатысты қылмыстық істі сот төрағасы Мәлік Кенжалиевтің өзі жүргізген. Оның айтуынша, Марал Жұмабекқызы қызметін асыра пайдаланып, аурухана басшыларынан, қызметкерлерінен қорқыту арқылы бірнеше рет пара алған. «Марал Қадыр кінәсін толық мойындады»,-дейді Мәлік Кенжалиев. Марал Қадыр Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 366 бабының 1,4 бөлігі бойынша сотталды. Сот төрағасының айтуынша, бұл бапта 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделген екен. «Марал Қадырдың отбасылық жағдайы ескеріліп, оған көрсетілген жазаның ең жеңілі берілді»,-дейді Мәлік Сәбитұлы.

МӘЛІК КЕНЖАЛИЕВ, АҚТАУ ҚАЛАЛЫҚ СОТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

-Марал Қадыр өзінің қарамағындағы қызметкерлерден, кішігірім заттардан бастап, гүл болсын, әртүрлі сыйлықтар, туған күніне сыйлықтар, сонымен қатар Ақтау қалалық №1 емханасының директоры Жумаевадан және туберкулезге қарсы диспансер директоры Титановтан 1-шіден 100 мың теңге ақша, екіншіден 200 мың теге ақша алған күні, 17 ақпан күні сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті қызметкерлерімен жұмыс кабинетінен ұсталған.

53 жастағы шенеуніктің бұл қызметке отырғанына жарты жыл ғана болған екен. Оның алдында ұзақ жылдар облыстың бас санитары қызметін атқарған.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему