Ақтаулық сарбаздар мерекелік марафонға қатысты
Курс валют в Актау
на 25/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Четверг,
25 Апреля, 19:28
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Ақтаулық сарбаздар мерекелік марафонға қатысты

7 Мая 2017 (20:37) | 2249 | Автор: Мира Ботабекова

 

Ақтаулық сарбаздар Отан қорғаушы күнін жүгіру марафонына қатысумен атап өтті. Ұзындығы екі шақырымдық эстафета «Астана» алаңы мен «Мәңгілік алау» монументі аралығын қамтыды. Қазіргі сәтте шаһардың орталық көшелерінде өнер және спорттық сайыстары өтіп жатыр.

Каспий жағалауында бой түзеген шаһарда өнер және спорт сайыстары таңсәріден басталды. Басты шара ретінде қолға алынған жүгіру марафонына Ақтау гарнизонына қарасты әскери бөлімдерден жүзге жуық сарбаз қатысты. Отан қорғаушы күні көпшілікті саламатты өмір салтын ұстануға шақырған жастарды қала тұрғындары эстафета бойы қол шапалақтап, қолдап отырды. Жүгіруге қатысқан сарбаздар үшін жеңіс тұғырынан көрінуден бұрын шараға қатысу маңызды болды. Отан қорғаушылар ұстанған басты мақсат – Қазақстан армиясының денсаулығы темірдей, сынаққа төзімді кәсіби мамандардан құралғанын халыққа паш ету. Дегенмен жарыстың аты жарыс. «Мәңгілік алау» жанындағы мәре сызығын бірінші болып кескен спортшы жастарға сый-құрмет көрсетілді. Марафон соңында «Жас ұлан» балалар ұйымының сапына оқушыларды салтанатты қабылдау шарасы өтті.

Аружан Оңайбай, «Жас ұлан» балалар ұйымының мүшесі:

- Бүгін мен үшін өте қуанышты күн, себебі мен «Жас ұлан» қатарына қабылдандым. Аға-аталарды, әкелерді, әскердегі сарбаздарды 7 мамыр күнімен құттықтаймын! Аспанымыз ашық болсын!

Көпшілік мұнан соң қаланың орталық көшелеріне қойылған экрандардан елордада өтіп жатқан әскери парадты тамашалады. Биыл Қазақстан Қарулы күштерінің құрылғанына 25 жыл. Ширек ғасырлық мерейтойды Ақтау гарнизоны толымды табыстармен қарсы алды. Құрамына әскери-теңіз күштері, әуе қорғанысы, құрлықтағы әскери бөлімдер мен Ұлттық қауіпсіздік комитетіне қарасты шекара қызметі және ұлттық гвардия кіретін әскери құрылым еліміз бойынша бірегей. Қазақстан армиясының мәртебесін көтеруге бағытталған барлық іс-шараларға аталған әскер жасақтарының сарбаздары белсенді атсалысып жүр.

Қыдыржан Мұқанов, ҚР ҰҚК шекара қызметі аймақтық жағалау күзеті басқармасының басшысы: - Өңірлік жағалау күзеті өзге де қарулы құрылымдармен тең деңгейде жоспарлы түрде қалыптасты. Мемлекеттік шекарамызды әуеден, теңізден және құрлықтан қорғайтын қуатты әскер бөлімдері жасақталды. Шетелде жоғары білім алған әскери қызметкерлер халықаралық оқу-жаттығу шараларында ел намысын абыроймен қорғап келеді.

Түске таман Ақтау көшелерінде саптық әндер әуеледі. «Мен – қазақ сарбазымын» деп аталатын дәстүрлі шараға қатысушылар саны жыл санап артып келеді. Жауынгерлік қатарда бір кісідей адымдап, соғыс жылдарындағы танымал әндерді шырқаған сарбаздар өнері көпшілік көңілінен шықты. Әрқайсысы екі ән орындаған әскер жасақтарының сапында теңізші бойжеткендер де бар. Өткен жылы бірінші орынға лайық деп танылған арулар биыл да жеңісті қолдан бермесіне сенімді. Мерекелік күнде қала көшелеріне қойылған дауыс күшейткіш құралдардан патриоттық әндер естіліп тұрды. Тайлы-тұяғы қалмай мерекелік шараны тамашалауға шыққан халықтың жүзі жайдары, көңілі шат. Кеш

түсе Каспий жағасында концерттік бағдарлама өтті. Ақтау гарнизонының сарбаздары Мұрат Өскінбайұлы атындағы облыстық филармония әртістерімен бірлесе өнер көрсетті.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему