Облыстық сотта Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күні тойланды
Курс валют в Актау
на 24/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Среда,
24 Апреля, 22:37
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Облыстық сотта Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күні тойланды

7 Мая 2017 (20:32) | 2189 | Автор: Мира Ботабекова

 

Маңғыстау облыстық сотында Отан қорғаушылар күні мен Ұлы Жеңіс күніне орай салтанатты шара өткізілді.Салтанатты рәсімге облыс судьялары мен сот қызметкерлері қатысты.Іс-шара шымылдығы Қазақстан Республикасының әнұранымен ашылып, жиналғандар соғыс жылдарында қаза болған жауынгерлерді бір минут үнсіздік жариялап, еске алды.

Азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының төрағасы м.а. Ғ.Бастаубаев қатысушыларды мерекелермен құттықтап, бұл күн – жанқияр ерліктің, еңселі елдіктің рухы өрлеп, Жеңіс жалауы мәңгілік желбіреген күн болып, тарих беттеріне алтын әріптермен жазылғандығына тоқталды.

«Еліміздегі бүгінгі бейбітшілік, егемендіктің ақ таңы, еңсеміздің биіктігі, мемлекетіміздің өркендеуі мен экономикамыздың дамуы – осынау мерекенің бізге тартқан тәтті сыйы деп білемін»,- деп атап өтті Ғ.Бастаубаев.

Мерекеге орай төрағалық және судьялық қызмет атқаратын ауған соғысы мен Чернобыль апаты салдарын жоюға қатысқан ардагерлерге де құрмет көрсетіліп, Кеңес әскерлерінің қатарында қайталанбас ерлік үлгісімен танылып, кейінгі ұрпаққа патриоттық рухты насихаттап жүргені үшін облыстық сот төрағасының алғыс хаттары тапсырылды.

Сондай-ақ, жиында жас мамандардың ант қабылдау рәсімі өткізіліп, «Мемлекеттік тілдегі ең үздік сот отырысы» облыстық конкурсының жеңімпаздары анықталды. Осы конкурста І орынға ие болған Жаңаөзен қалалық сотының судьясы Д.Тұрсынбаевтың материалы комиссия шешімімен республикалық конкурсқа жолданатын болды.

Мерекелік іс-шара соңы ер-азаматтардың құрметіне жайылған дастарханмен жалғасты. Бұл туралы Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі хабарлады.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему