Облыстық соттың судьялар ардагерге құрмет көрсетті
Курс валют в Актау
на 27/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
27 Апреля, 02:42
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Облыстық соттың судьялар ардагерге құрмет көрсетті

5 Мая 2017 (16:49) | 2199 | Автор: Мира Ботабекова

 

7 Мамыр – Отан қорғаушылар күні және 9 Мамыр – Ұлы Жеңіс күні мерекесі қарсаңында облыстық соттың судьялары Х.Қаженова, Г.Бақытжанова, Маңғыстау облысы бойынша Соттар әкімшісінің басшысы М.Епенова Ұлы Отан соғысының ардагері Қамқа Үмбеталиқызын құттықтап, арнайы сыйлықтар мен гүл шоқтарын табыс етті.

 

Қамқа апа 1923 жылы 15-ші қыркүйекте дүниеге келген. 1942 жылы әскерге шақырылып, соғыс аяқталғанша 1-ші Қиыр Шығыс майданының 9-шы Әуе Армиясында әскери қызметте болған. Үздік әскери іс-қимылдары үшін Қамқа апа қызмет еткен авиаполктің барлық құрамына Жоғарғы Бас Қолбасшы И.Сталиннің бұйрығымен алғыс жарияланды. Сондай-ақ, қайсар қазақ қызы 1945 жылы Жапониямен болған соғыста әскери ұшуларға қатысты. Көзге түскен ерліктері үшін Отан соғысы орденімен, «1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін», «Жапонияны жеңгені үшін», «Кеңес Одағының маршалы Г.К.Жуков» және мерейтойлық медальдарымен марапатталды.

 

Қамқа апа, бейбіт өмірде де Отан үшін аянып қалмады. Әскери қызметтен босағаннан кейін мұнай өнер кәсібінде еңбек етті. 1965 жылдан бастап, «Маңғышлақмұнайгазбарлау» тресі жүйесінде жұмыс жасайды. Қазақ ССР-нің еңбек сіңірген геолог-барлаушысы, жер қойнауын барлау үздігі, Қазақстан Республикасының дербес зейнеткері атанады.

 

«Бұл күнде Қамқа апаның өмірі мен еңбек жолы жас ұрпаққа қашанда үлгі. Ардагерлердің ерлігі мен еңбектегі қайтпас қажыр-қайраты жас ұрпақ санасынан әрқашан орын табуы керек. Қамқа апамызды және барша ардақты ардагерлерімізді Ұлы Жеңіс күнімен құттықтаймыз. Отанымыз тыныш, еліміз береке-бірлікте болсын», - деді М.Епенова. Бұл туралы Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі хабарлады.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему