Түрлі ұлттың тағамдары тегін таратылды
Курс валют в Актау
на 25/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Четверг,
25 Апреля, 19:25
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Түрлі ұлттың тағамдары тегін таратылды

2 Мая 2017 (19:36) | 4496 | Автор: Мира Ботабекова

 

Маңғыстау облысында 50-ге жуық ұлттың өкілі тұрады. 20 этномәдени бірлестік жұмыс істейді. Бірлік күні аталған бірлестік өкілдері «Астана» алаңында ұлттық тағамдар мен қолөнер бұйымдарының жәрмеңкесін өткізіп, мерекеге жиналған халыққа ұлттық астарын тегін ұсынды. Ал, облыстағы еңбек ұжымдары мерекелік шеруге қатысты.

Ақтауда бірлік мейрамы әдеттегідей қала тұрғындарының мерекелік шеруге қатысуымен басталды. Көпшілік таңсәріден шаһардың орталық көшесінде бас қосып, сапқа тұрды. Шерушілердің қатарында аймақтағы этномәдени бірлестік мүшелері, Ақтау халықаралық теңіз сауда портының, әуежайдың, Маңғыстау атом энергия комбинатының, түрлі зауыттардың, мектеп, аурухана сияқты мекемелердің қызметкерлері болды. Шеруге қатысушыларды қолдарына мемлекеттік ту ұстаған байкерлер бастап жүрді. Ал, әрбір еңбек ұжымын сала ардагерлері мен үлгілі қызметкерлері бастады. Мерекелік шеруге қатысқан еңбек ұжымдары бір-бірінен ерекшеленуге тырысқан. Мәселен, дәрігерлер жаңа үлгідегі жедел-жәрдем көліктерін көрсетсе, темір жол саласы қызметкерлерінің соңынан вагонға айналған автобус ерді.

Биылғы ерекшелік деп өңірдің мыңға тарта белсенді жастарынан құралған топтың шеруге қосылуын айтуға болады. «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінің еріктілері, жас мұнайшы, дәрігер, мұғалім, спортшылар бірлікті насихаттайтын қанатты сөздерді ұрандап, шерулетті.

Бұл күні сондай-ақ, ақтаулықтар «Достығымыз жарасқан» атты қазақ және орыс тілдеріндегі қысқаметражды документалды фильмді тамашалауға мүмкіндік алды. Сонымен қатар «Астана» алаңына шаңырақ құрылып, аймақтағы этномәдени бірлестіктер ұлттық тағамдар жәрмеңкесін өткізді. Қазақстың ыстық бауырсағы мен шұбаты, орыстың құймағы, әзірбайжанның хачапуриінен мерекеге жиналған жұрт дәм татты. Жұртшылыққа ұлттық тағамдар тегін ұсынылды.

Мереке күні қала аумағында түрлі іс-шаралар өткізілді. Теңіз жағалауында көпшілік дойбы, шахмат және тоғызқұмалақтан өткен өңірлік турнирді тамашалап қоймай, қол күресі мен арқан тартуда бақ сынасты. Балалар назарына облыстық қуыршақ театры дайындаған мерекелік қойылым ұсынылды. Бірлік күні кешқұрым «Астана» алаңында Қазақстан эстрада жұлдыздарының қатысуымен өтетін мерекелік концертпен түйінделді.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему