Күміс күй төгілген кеш
Курс валют в Актау
на 18/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Четверг,
18 Апреля, 16:45
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Күміс күй төгілген кеш

30 Апреля 2017 (13:04) | 3797 | Автор: Нурганым Имашева

 

 

 

Жуырда М.Өскінбайұлы атындағы облыстық филармония залында сазгер Кенжебек Күмісбековтың 90 жылдығына арналған «Дала сыры» атты кеш ұйымдастырылды.

Концерт Абыл Тараұлы атындағы ұлт аспаптары оркестрінің сүйемелдеуімен өтті.

Қазақтың көрнекті композиторы, Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, профессор Кенжебек Күмісбеков 1927 жылы 23 ақпанда Ақмола облысы, Қорғалжың ауданы, Құмкөл ауылында дүниеге келген. Кенжебекке киелі өнер ана сүтімен, әке қанымен бойына дарыған.

1949 жылы Күмісбеков Құрманғазы атындағы Алматы консерваториясына оқуға түсіп, Халық артисі Рүстембек Омаровтың класынан дәріс алған. Композитордың табиғи талантын одан әрі дамытқан профессор ұстазы Евгений Брусиловский болды.

Күмісбеков қазақтың музыка мәдениетіне ұлт аспаптар оркестрінде бұрын-соңды болмаған ұлттық гармониялық үн-саз, ырғақтың жаңа түрін әкелді. Осынау кеште Кенжебек Күмісбековтың әндері мен шығармалары орындалды.

«Кербезім» - бұл шығарма халқымыздың мақтанышы, демократ-ғалым Шоқан Уәлихановтың туғанына 150 жыл толу мерекесіне арналып жазылған. Аталмыш шығарманы өнер кешінде республикалық байқаулардың лауреаты дирижер Бауыржан Көбенғалиевтің жетекшілігімен Абыл Тараұлы атындағы ұлт аспаптары оркестрі шебер орындап шықты.

Тарихымыздағы ұлы тұлғалардың бірі, ислам дінінің атағы ең ірі, дүние жүзіне жайылған ғұлама философ Әбу Насыр Әл Фарабиге арналған композитордың күй-поэмасы «Фараби сазы» шығармасын көрермен қауым зор ықыласпен тыңдап, әдемі әсерге бөленді. Поэма «Сары өзен саздары», Кәмшат Ізтілеуова орындаған «Домбырашы құрбыма» шығармалары да кеш қонақтарының көңілдерін бір серпілтіп тастады.

Концертте сондай-ақ композитордың соңғы шығармаларының бірі «Аманат», «Жастық шақ» сюитасынан үшінші бөлім «Вальс», домбырашы Данияр Сағынғалидың шебер орындауындағы «Арман», Қобыз атасы атанған Қорқытқа арналған «Қорқыт туралы аңыз» поэмасы, «Өмір жолы», Ажар Көбегенованың орындауындағы «Поэма» шығармасы, сонымен қатар композитордың «Қансонарда» деп аталған күйі, симфониялық поэмасы «Дала сыры» және «Биші қайың» аталатын күмбір күйлері шертілді.

«Биші қайың» атты Кенжебек Күмісбековтың күйі Бурабайдағы көркімен көз тартар сұлу ақ қайыңдарға арналған. Бұл қайыңдарға қатысты халық арасында мынадай аңыз сақталыпты. «Ертеде кешқұрым сауыққой жастар орман алаңына жиналып, емін-еркін күліп-ойнайды. Мұндай думанда биші қыздар да мың бұралып билейді.

Сондай сауықта жасырын келіп, кешті тамашалап тұрған хан айқайға басып, «Ғажап! Мың жасаңдар, қарақтарым!» деп таңдана дауыстайды. Сол кезде ел иесі ханның келгенінен именіп, қымсынған биші қыздар сол қалпында қайыңға айналып, қатып қапты» деседі.

Күміс күйдің әсем әуені жүректерін тербеген өнер кешінен концертке келген халық рухани азық алып, өнерпаздардың орындаушылық шеберлігіне риза болып тарасты.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему