Каспий университетінің студенттері жергілікті соттарда тәжірибеден өтеді
Курс валют в Актау
на 29/03/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
29 Марта, 11:15
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Каспий университетінің студенттері жергілікті соттарда тәжірибеден өтеді

29 Апреля 2017 (18:47) | 1733 | Автор: Мира Ботабекова

 

 

Маңғыстау облыстық соты мен Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті арасындағы Меморандумды іске асыру және құқықтық сауаттылық айлығын қорытындылау мақсатында дөңгелек үстел өткізілді.

Іс-шараға Маңғыстау облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының т.м. атқарушы Ғ.Бастаубаев, облыстық соттың судьялары және оқытушылар құрамы қатысты.

Шарада Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы және сот төрелігін жүзеге асыруда қолданылатын жаңа заңнамалардағы өзекті ақпараттар талқыланды.

Шара барысында сөз алған судья Г.БақытжановаЕлбасы мақаласында қоғамды тұтастай жаңғыртудың бірнеше бағыттары көрсетілгендігін айтып, еліміз жаңа тарихи кезеңге қадам басқандығын жеткізді. Сондай-ақ, ол Маңғыстау облыстық соты мен Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті арасындағы өзара ынтымақтастықтыәлі де жалғастыру бағытында жұмыстар жүргізілетіндігіне тоқталды.

Университет оқытушылары тарапынан өзара ынтымақтастық аясында болашақ заңгерлердің соттан практикадан өтуі оларды шыңдап, үздік мамандарды қалыптастыруда маңызы қадам деген пікір айтылды.

Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша қатысушылар өзара ынтымақтастықтың жалғасын табатындығын жеткізді.

 

 

 

Нұршат Өтеулиева,

Маңғыстау облыстық сотының баспасөз маманы

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему