«Маңғыстау» кемесі суға түсірілді
Курс валют в Актау
на 20/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
20 Апреля, 01:45
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

«Маңғыстау» кемесі суға түсірілді

28 Апреля 2017 (12:42) | 2062 | Автор: Мира Ботабекова

 

Оралда жаңадан құрастырылған зымыранды-артиллериялық «Маңғыстау» кемесі суға түсірілді. Бұл отандық кеме құрастыру зауыты шығарған жиырма алтыншы кеме. Ол еліміздің әскери-теңіз күштерінің тапсырысымен жасалған. Жаңа кеме келешекте Каспий теңізіндегі шекарамызды қорғайтын болады.

Бұл оралдық зауытта ең заманауи артиллериялық қару-жарақпен жабдықталған әскери үлгідегі төртінші кеме. Су ығыстырғыштық салмағы 250 тонна болатын су жаңа су көлігі сағатына 46 шақырымды еңсере алады. Гидроакустикалық стансаның көмегімен су астындағы шабуылдарға тойтарыс беруге қауқарлы.

Вячеслав Валиев, кеме құрастыру зауытының директоры:

- Бұл кеме байланыс құралдарының озық үлгілерімен жабдықталған. Соның ішінде навигациялық және штурмандық мүмкіндіктері зор. Кеме экипажының жүріп-тұруына өте қолайлы жағдай жасалған. Теңізде он тәулікке дейін дербес жүзе алады. Сондықтан жаңа су көлігінің сипаттамасы барлық талаптарда жауап береді деп толық сеніммен айта аламын.  

Кемені құрастыру барысында әскери теңізшілердің қару-жарақ пен шұғыл әрекет ету бағытындағы ұсыныстары ескерілген. «Биыл еліміздің Қарулы Күштерінің құрылғанына 25 жыл толып отыр. Сондықтан, оралдықтардың бұл жолғы туындысын тамаша тарту деп есептейміз»,- дейді министрлік өкілдері.

Талғат Жанжүменов, ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары:

- Біздің Қарулы Күштеріміз тағы да 4-ші әскери кемемен толықты. Ол деген біздің Каспий өңірінде әскери қауіпсіздігімізді қорғау үшін өте керек кеме. Осыдан кейін тағы міндетті түрде жаңа кемелер Зенит зауытында салынып, біздің қарулы күштеріміздің қорғаныс қабылеті одан әрі арта береді.

Алтай Көлгінов, Батыс Қазақстан облысының әкімі:

- Елбасының  модернизациялық бағдарламасына сәйкес зенит зауытының да өзінің жоспарлары бар. Мысалы, бұл 250 тонна суды ығыстырады. Ал алда тұрған жоспар - оны 600 тоннаға жеткізу.

Қазір зауыт жұмысшылары шекарашыларға арналған тағы бір су көлігін  құрастырып жатыр. ФС үлгісіндегі жылдам жүзетін катер осы жазда Каспийге аттанады.   

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему