Заңды тұлғаны тіркеудің түйткілді мәселелері
Курс валют в Актау
на 28/03/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Четверг,
28 Марта, 17:12
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Заңды тұлғаны тіркеудің түйткілді мәселелері

25 Апреля 2017 (14:07) | 2369 | Автор: Нурганым Имашева

 

Аталмыш тақырып аясында туындайтын мәселелер туралы Ақтау қалалық әділет басқармасының бас маманы Айжан Бердыханқызы Галымовамен сұхбаттасқан болатынбыз. Осы сұхбатты оқырман қауымның назарына ұсынамыз.

-Заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеуге құжаттар тапсыру барысында халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкері неліктен заңды тұлғаның мекен-жай тіркеу коды тіркелгендігін сұрайды?

-Себебі, 2016 жылдың желтоқсан айынан бастап, «Заңды тұлға» мемлекеттік дерекқорына бірқатар өзгерістер енгізілді. Әрбір жеке-меншік объектінің мекен-жайына жеке 16 сандық код тіркелген. Сол уақыттан бастап заңды тұлға бойынша кез-келген өзгерісті ақпараттық жүйеге тіркеу үшін,  «Заңды тұлға» мемлекеттік дерекқоры мекен-жай тіркеу кодын талап ете бастады. Яғни, ақпараттық жүйеге сол 16 сандық кодты енгізбей, қандай да бір әрекет жасау мүмкін емес.

16 сандық код тіркелген  жағдайда да, заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеу мүмкін емес болған жағдайлар бар.  «Заңды тұлға» мемлекеттік дерекқорына 16 сандық мекен-жай тіркеу кодын енгізгенде, заңды тұлғаның мекен-жайы автоматты түрде анықталады. Содан, жылжымайтын мүлік тіркеу мемлекеттік дерекқорында (ЖМТМД) 16 сандық код тіркелгендігін міндетті түрде растау қажет. Яғни, тексеру барысында жылжымайтын мүлік иесі туралы ақпарат көрсетіледі. Ал, 16 сандық код ЖМТМД-да тіркелмеген жағдайда, «Заңды тұлға» мемлекеттік дерекқоры әрі қарай қандай да бір әрекет жасау мүмкін емес.

            Сонымен қатар, ХҚКО-ның қызметкері заңды тұлғаның құрылтайшысы мен басшылары борышкер болып табылған жағдайдағы процедураны   ескерткені жөн.   «Заңды тұлға» мемлекеттік дерекқорына заңды тұлға туралы барлық мәлімет енгізіліп, барлық тексеру сатыларынан өткен соң ғана ең соңғы қадамда заңды тұлғаның құрылтайшысы мен басшысы атқарушы органдарының базасы бойынша арнайы тексеруден өтеді. Сол қадамда заңды тұлғаның құрылтайшылары немесе басшысы борышкер болып табылған жағдайда, «Заңды тұлға» мемлекеттік дерекқоры тіркеуді әрі қарай жүзеге асыруға жол бермейді. Яғни, жеке тұлға қандай себептермен болса да, атқарушы органдардың дерекқорындағы борышкерлер қатарынан алынған жағдайда ғана тіркеу мүмкіндігі болады.

-Заңды тұлғаның бірінші басшысы ауысуы процедурасына қатысты не айтасыз?

-«Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» заңында, бірінші басшының ауысуын тіркеуші органға хабарлау міндеті қарастырылмаған. Дегенмен, өзгерісті ақпараттық жүйеге енгізу мемлекеттік кірістер органдарының құзыретіне жатады. Сондықтан заңды тұлғалар бірінші басшының ауысқандығын аталған ведомствоға, яғни әділет департаментіне емес, мемлекеттік кірістер департаментіне хабарлайды.  

-ЖШС-нің жарғылық капиталы азаюы барысында ол өз кредиторларына  жазбаша хабарлама жіберуге міндетті ме?

- Жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушылардың жалпы жиналысы жарғылық капиталды азайту туралы шешім қабылдаған күннен бастап екі ай мерзім ішінде серіктестік өзінің барлық кредит берушілеріне жарғылық капиталдың азайтылғаны туралы жазбаша хабарлама жіберуге не серіктестіктер туралы мәліметтер жарияланатын ресми басылымда тиісті хабарландыру беруі қажет.

-Коммерциялық заңды тұлғаның мекен-жайы ауысуы барысында қандай құжаттар тапсыруы қажет?

            -     Хабарлама тапсырылуы тиіс,  сондай-ақ, хабарламаға заңды тұлғаның мөрімен (ол болған кезде) бекемделген, құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңды тұлғаның уәкiлеттi органының шешімі не шешімінен үзінді көшірме болуы керек;

            -Заңды тұлғаның орналасқан жерін растайтын құжаттар: жалдау, сатып алу-сату шарттары, жылжымайтын мүлікке құқықтың тіркеу жүргізілгендігі туралы мөртабан басылған жылжымайтын мүлікке құқықты растайтын құжат және азаматтық заңнамада көзделген өзге де құжат. Егер үй-жайдың иесі жеке тұлға болған жағдайда, онда жеке тұлғаның үй-жайды заңды тұлғаның тұратын жері ретінде бергені туралы нотариалдық куәландырған келісімі табыс етіледі.

-«Doing Business» рейтингінде заңды тұлғаларға қатысты не айтуға болады?

- Өткен 2016 жылдың бизнес жүргізуге қолайлы жағдай рейтингі бойынша 189 елдің ішінде Қазақстан 53 орыннан 41 орынға көтерілді. Оның ішінде «Кәсіпорын тіркеу» индикаторы бойынша 53 орыннан 21 орынға көтерілді. Ол үлкен жетістік. Себебі, іскер аймағын жеңілдету бағытында бірқатар жұмыстар жүргізіліп жатыр. Заңнамаларға бірқатар өзгерістер еңгізілді. Бұл – бизнес құру процедурасын жеңілдету, мемлекеттік бақылау қызметін оңтайландыру, жалпы еліміздегі бизнес климатын жақсартуға, дамытуға бағытталған.

-Қазіргі таңда бизнес іскерлік аймағын жақсарту реформаларымен қаншалықты таныс? Бұл бағытта қандай жұмыстар жүргізілуде?

- Мемлекеттік органдар «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдерімен, банктермен, Маңғыстау облаысы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» ҰҚБ филиалы – «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментімен, басқа да құрылымдармен бірігіп, бизнесті жеңілдету реформаларын талқылау және сыртқы экономика қызметінің қатысушылары мен кәсіпкерлерді реформалармен таныстыру жолдары бойынша көптеген дөңгелек үстелдер мен жиналыстар жүргізіледі. Сонымен қатар, Ақтау қаласында іскерлік аймағын жақсарту реформаларымен бизнесті таныстыру мақсатында, 13 дөңгелек үстел, 19 жиналыс өткізіліп, аталмыш шаралар туралы мақалалар басылым  беттерінде жарық көрді.  

            Елбасымыздың осы жылғы Қазақстан халқына жолдауында Қазақстанның үшінші жаңғыруының бастамасы туралы жариялады. Бірінші және негізгі артықшылық – экономиканы жылдан-жылға технологиялық жаңарту болып табылады. Осы бағдарламаға сәйкес, еліміздің  «Doing Business» рейтингінде көтерілуіне Әділет басқармасы тарапынан белсенді қызмет атқарылады.

            -Сұхбатыңызға рахмет, Айжан Бердыханқызы. Ел игілігіне арналған қызметіңізге табыс тілейміз!

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему