Сот хатшыларының жұмысы қарапайым емес
Курс валют в Актау
на 20/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
20 Апреля, 12:16
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Сот хатшыларының жұмысы қарапайым емес

24 Апреля 2017 (18:10) | 3888 | Автор: Мира Ботабекова

 

Сот отырысының хаттамасын жүргiзетiн, қылмыстық iске мүдделi емес мемлекеттiк қызметшi сот отырысының хатшысы болып табылады. Ол сот отырысы хаттамасының толықтығы мен дұрыстығы үшiндербес жауап бередi және тараптардың сот отырысына қатысуын қадағалайды. Дұрыс емес не шындыққа сәйкес келмейтiн мәлiметтердi сот отырысының хаттамасына қасақана енгiзген жағдайда хатшы заңда көзделгендей жауапты болады.

Сот хатшыларының жұмысы сырт көзге қарапайым әрі оңай болып көрінуі мүмкін. Бір қарағанда, сот мәжілісінің хатшылары тараптардың жауаптарын қағазға түсіріп, хаттама жазып, іс құжаттарын реттеп отыратын жәй ғана маман сияқты. Алайда, сотта қаралатын кез келген істің өзіндік қиындықтары мен қатар істі өндіріске дайындау сатылары болады. Мәселен істі сотта қарамас бұрын, онымен танысу, қарау, уақыттарын белгілеу, ұйымдастыру, тараптарға хабарландыру жіберу секілді көзге көрінбейтін жұмыстар жетерлік. Сот отырысы хатшысының жұмысы күрделі, көп салалы, сөйте тұра қызықты да. Сот процесінде хатшы елеусіздеу болады. Алайда, сот процесінің дұрыс ұйымдастырылуы, іс бойынша өзіндік айғақ саналатын сот құжаттарыныңнақты, сауатты толтырылуы, сот отырысының уақытында басталуы осы хатшыға байланысты. Хатшы, сонымен қатар, тараптардың сот отырысына келуін қамтамасыз етіп, сот актілері мен басқа да құжаттарды іс жүргізу нұсқаулығына сәйкес сатыларға жолдайды. Маман азаматтармен сыпайы сөйлесіп, шағым тудырмас үшін азаматтардың сауалдарына уақтылы жауап беріп отыруы тиіс.

Әрине, мұнда сот хатшыларына бағыт-бағдар беріп отыратын судьялардың орны бөлек. Соттардың жұмыс сапасы мен беделіне нұқсан келмес үшін сот хатшыларының жауапкершілігі жоғары болуы керек. Қылмыстық іс қабылданғаннан бастап, үкім шыққанға дейінгі аралықтағы барлық іс жүргізу белгіленген уақытпен реттеледі. Тараптардың сотқа дайындықпен келгені, олардың өз дегендерін дәлелдеуге тырысқан тартысты сәттерінен, судьяның біліктілігі мен шешім қабылдауынан көп нәрсе үйренуге болады. Сот саласындағы қауырт жұмыс та сот хатшыларының көзге көрінбейтін, тынымсыз тірлігінен басталады. Бұрын құжат айналымы, хаттамаларды толтыру қолмен рәсімделіп, кейіннен жазу машинкасында терілетін болса, бүгінде бұл жұмыста ілгерілеу бар, қазір сот мәжілісінің хаттамалары аудио-бейне жазбасы арқылы жазылып дайындалады. Мұндай құрылғылардың тағы бір артықшылығы процесте айтылған сөздерді бұрмалауға, қысқартып тастауға жол берілмейді. Бейне-дыбыс жазбаның болуы жалған айтып, жала жабуға жол бермейді. Судьяның, сотқа қатысушылардың барлық әрекеттері айнадағыдай көрініп, жазба мұрағатта сақталатындықтан, кез келген кілтипанды тексеріп, ненің ақ, ненің қара екенін анықтауда қиындық тумайды.

Судьяның уақытты тиімді пайдаланып, өнімді жұмыс жасауы сот хатшысының біліктілігіне, іскерлігіне, тындырымдылығына тікелей байланысты. Негізінде судья болуға сот жұмысын бес саусағындай білетін, сот істерін жүргізудің қыр-сырын жетік меңгерген мамандардың – сот отырысы хатшыларының мүмкіндіктері көбірек секілді. Мемлекеттік қызметкер мәртебесін қолдап отыру үшін барлық мемлекеттік қызметкерлерге сияқты сот отырысының хатшыларына да қойылатын талаптар әрдайым жоғарылап отырады. Соттың іс жүргізуге қатысты ішкі тәртіптері ішінара өзгеріп отырады. Десек те, сот отырысының хатшылары өз міндеттеріне асқан жауапкершілікпен қарап, мойымастан атқарып келеді. Сот отырысыныңхатшысысот жүйесіндегімаңыздыбуынекендігісөзсіз.

 

Гүлзира Калиева,

Маңғыстау облыстық сотының бас маманы

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему