Балаларға қуантыш сыйлады
Курс валют в Актау
на 26/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
26 Апреля, 17:30
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Балаларға қуантыш сыйлады

23 Апреля 2017 (21:00) | 1640 | Автор: Нурганым Имашева

 

 

Облыстық «Жас Батыр» мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің ұжымы қайырымдылық іс жасады. Ақтау қаласындағы отбасылық үлгідегі балалар ауылының жеткіншектеріне тәтті сыйлықтар тарту етіп, үздіктерді марапаттап, дзюдо күресінен шеберлік сабағын өткізді.

-«Жанашырлыққа жан риза» дегендей қамқорлыққа алынған балалардың жанашыр қамқоршысы болып, аялы алақанын тосып, жүрек жылуын ұсынып, мүмкіндігінше сыйлық жасап тұру-әрбір адамның азаматтық парызы деп есептеймін.

Бүгін біз отбасылық үлгідегі балалар ауылына арнайы келіп, балалардың жағдайымен танысып, сыйлықтарымызды табыстадық.

Аймақ намысын облыстық, республикалық жарыстарда абыроймен қорғап жүрген спортшыларымыздың қатысуымен шеберлік сабағын көрсетіп, балалардың көңілін сергіттік,-деген облыстық «Жас Батыр» мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі директорының орынбасары Сындаргүл Ершорақызы.

Салауатты өмір салтын насихаттап, әр түрлі спорттық шараларға белсене қатысып жүрген Берекет Байжанов, Асқар Шопанов, Александр Минтагиров, Григорий Хулугуров, Сергей Дорофеевті арнайы Алғыс хаттармен марапаттап, спорттық үлгідегі киімдерді тарту етті.

-Бізге арнайы келіп, Алғыс хат пен спорттық киімдерді тарту еткен спортшыларға алғыс айтамыз. Дзюдошылардың өнерін тамашалап, риза болып қалдық.

Мен өзім футболға қатысамын. Шымкентте, Грузияда өткен жарыстарға бардым. Болашақта футболдан жеңіске жетіп, елімнің намысын әлемдік жарыстарда қорғағым келеді. Ол үшін ерінбей еңбектенетін боламын,-деді жасөспірім Асқар Шопанов.

Бүгінгі таңда отбасылық үлгідегі балалар ауылында 3 пен 18 жас аралығындағы 48 бала тәрбиеленуде. Олар мектеп формасымен және сапалы азық-түлікпен толықтай қамтамасыз етілген. Өткен жылы 12 бала кәмелеттік жасқа толып, жаңа өмірге жолдама алған. Отбасылық үлгідегі балалар ауылының директоры Мәди Ташовтың айтуынша, 55 бала Ақтау қалалық әкімдігінен кезек бойынша баспаналы болған.

-Бүгінгі таңда 48 баламыз бар, тағы екі баламен толығатын боламыз. Құжаттары дайындалып жатыр. Біздегі балалар ағайындылар, яғни бір үйдің 2 немесе 3 баласы бар. Кәмелетке толған балалардың жағдайын да үнемі қадағалап отырамыз.

Тағы бір айта кететін жағдай, өткен жылы қазақ отбасылары 3 баланы, биыл 2 баланы асырап алды. Одан бөлек Қарақия ауданының азаматы ағайынды 4 орыс ұлтының баласын қамқорлығына алды. Асырап алған отбасылармен де тығыз қарым-қатынастамыз. Балалардың жағдайын біліп, үнемі хабарласып отырамыз,-дейді отбасылық үлгідегі балалар ауылының директоры Мәди Ташов.

Мұндағы балалар спортқа бейім. Көпшілігі спорттық жарыстарға белсене қатысып, жүлделі орындарды иеленген. Мәселен, Шолпан Хасанова Ташкентте қол күрестен өткен халықаралық жарыста чемпион атанып, облыс намысын абыроймен қорғаған. Одан бөлек, Асқар Шопанов, Григорий Хулугуров, Берекет Байжановтар футболдан өткен жарыстарда жеңімпаз атанса, Сергей Дорофеев такэвондадан спорт шебері, Александр Минтагиров гір тасын көтеруден жеңімпаз. Алайда, отбасылық үлгідегі балалар ауылына спорт алаңы жетіспейді.

-Балаларымызға тәттілерді сыйлап, өнерлерін көрсетіп, қуанышқа кенелткен спортшыларға алғыс айтамыз. Мұндағы қамкөңіл балаларға қамқорлық, ерекше мейірім керек. Осындай игі шаралар жалғасын таба берсін деген тілектеміз.

Мұнда жұмыс жасап жатқаныма биыл-2 жыл. 4 қазақ және 3 орыс баланың тәрбиесіне жауаптымын. Әр баланың мінез-құлқы әр түрлі, барлығымен тіл табысу үшін көп уақыт керек болды. Барлығының тәрбиесіне, болашағына жауапты болғандықтан, көп іздендім. Менің қарамағымдағы Гаухарым болашақта танымал әртіс болғысы келеді, Денисім де білімге құштар бала. Барлығымыз қазақ тілінде сөйлесеміз, бауырмалмыз,-дейді отбасылық үлгідегі балалар ауылындағы №8-ші үйдің ана-тәрбиешісі Роза Жұмадибекова.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему