Ерікті өрт сөндіруші құрылымдарымен оқу-жаттығу жұмыстары өткізілді
Курс валют в Актау
на 19/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
19 Апреля, 15:58
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Ерікті өрт сөндіруші құрылымдарымен оқу-жаттығу жұмыстары өткізілді

23 Апреля 2017 (18:47) | 2701 | Автор: Нурганым Имашева

 

Ағымдағы жылдың сәуір айының 18-і күні Мұнайлы ауданының №5 Өрт сөндіру бөлімі аумағында Мұнайлы ауданы және Ақтау қаласына қарасты Өмірзақ селосының ерікті өрт сөндіруші құрылымдарының арасында сайыс ұйымдастырылды .

-Жарысқа Мұнайлы ауданындағы 7 ауылдан, Ақтау қаласы маңындағы 1 ауылдан ерікті өрт сөндірушілер қатысып, сайыс өткізу барысында өрт сөндіру мотопомпалары және Мұнайлы ауданының №5 Өрт сөндіру бөлімінің Камаз АЦ-40, Урал АЦ-40 өрт сөндіргіш автокөліктерімен жеке құрамы жұмылдырылды.

Аталмыш жарыс Маңғыстау облысы аумағындағы өрт қауіпті кезеңде өрттің алдын-алу және жою бойынша тиімді шаралар қабылдау және ерікті өрт сөндіруші құрылымдарының дағдыларын арттыру, сондай-ақ 2017 жылғы ӨҚСБжПҚ бөлімі жұмыс жоспарының 28 тармағын орындау мақсатында ұйымдастырылды,-деп мәлімдеді біздің басылымға бұл туралы хабарлаған Ақтау қаласының ТЖ Басқармасының аға инженері азаматтық қорғау аға лейтенанты Н. Абдираш.

Мұнайлы ауданы ТЖ Басқармасының аға инженері азаматтық қорғау капитаны А. Жанызаковтың айтуынша, «Жарыс бағдарламасы 3 кезеңнен өткізіліп, сайысқа түсушілер әрбір секундты ұтымды пайдалана отырып, жылдам әрекет ету мақсатында жеке және командалық сынаққа түсті:

1) жауынгерлік жарғының 4 нормативі бойынша (Дабыл бойынша киініп, көлікке отырып сыртқа шығу)

2) жауынгерлік жарғының 36 нормативі бойынша (51-түтікқұбыр 77-түтікқұбырына жалғап жанып тұрған өртті белгіленген уақыт ішінде сөндіру)

3) жауынгерлік жарғының 17 нормативі бойынша (шабуыл сатыны шығарып оқу мұнарасының 2-ші қабатына қойып, келесі уақытта шығу: 19 секунд-5, 22 секунд – 4, 26 секунд - 5.

Сайыс нәтижесінде «Басқұдық ауылдық округі ерікті өрт сөндірушілер» командасы -1 орынды, «Атамекен ауылдық округі ерікті өрт сөндірушілер» командасы – 2 орынды, «Қызылтөбе ауылдық округі ерікті өрт сөндірушілер» командасы – 3 орынды иеленді.

Жеңімпаздарға марапат грамоталары табыс етіліп, қатысушыларға алғыс білдірілді».

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему