ЖИТС - тың Маңғыстау облыстық орталығында орта және ірі бизнес өкілдерімен басқосу өтті
Курс валют в Актау
на 20/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
20 Апреля, 00:33
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

ЖИТС - тың Маңғыстау облыстық орталығында орта және ірі бизнес өкілдерімен басқосу өтті

23 Апреля 2017 (16:50) | 1843 | Автор: Нурганым Имашева

 

 

 

ЖИТС-тың (жұқтырған иммун тапшылығы синдромы) алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі Маңғыстау облыстық орталығы базасында орта және ірі бизнес өкілдерімен АИТВ (Адамның иммун тапшылығы вирусы) инфекциясының бизнесті жүргізуге әсері, сондай-ақ Қазақстан Республикасында МӘМС (Мемлекеттік әлеуметтік медициналық сақтандыру) мемлекеттік жүйесін енгізу мәселелеріне арналған дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Жиында семинар сабағы өткізілді. Аталған іс-шараға Маңғыстау облысының бизнес құрылымдарының 15 өкілі қатысты.

-Дөңгелек үстел - қатысушыларға АИТВ-жұқтырылғандардың бизнесті жүргізуге қандай әсер ететіндігі туралы, АИТВ/ЖИТС алдын алу мәселелері бойынша; МӘМС жүйесін кезең-кезеңмен енгізу туралы қолжетімді ақпарат беру мақсатында ұйымдастырылып отыр.

Талқыланған тақырыптар бойынша жиналғандардың өз пікірін білдіруіне мүмкіндік жасалды.

Басқосу барысында қатысушылардың назарына «АИТВ-инфекциясының бизнес ісіне әсері», «АИТВ-инфекциясы бойынша Қазақстан Республикасындағы және Маңғыстау облысындағы эпидемиологиялық жағдай» және «ҚР-да МӘМС жүйесін енгізу туралы» деген тақырыптарда екі таныстырылым ұсынылды,- дейді ЖИТС Маңғыстау облыстық Орталығының ұйымдастыру-әдістемелік бөлімі эпидемиологының көмекшісі З. Ишмаева.

Шарада Орталық директорының ұйымдастыру-әдістемелік және эпидемиологиялық жұмысы жөніндегі орынбасары Ақнұр Ханайқызы Тасболатова баяндама жасады.

«ҚР-да МӘМС жүйесін енгізу туралы» ақпаратпен келушілерді эпидемиологтың көмекші З. Ишмаева таныстырды.

«Дөңгелек үстел» қорытындысында жоғарыда аталған тақырыптар бойынша пікір алмасулар, талқылау болып, мамандар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап қайтарылды.

Талқылаудың негізгі тақырыбы тараптардың алдын ала өзара келісімі бойынша ақысыз негізде кәсіпорындарда АИТВ/ЖИТС – тың алдын алу мәселелері бойынша семинар- сабақтарын өткізу мәселесіне арналды.

Бұл ақпаратты біздің басылымға ЖИТС Маңғыстау облыстық Орталығының ұйымдастыру-әдістемелік бөлімі эпидемиологының көмекшісі З. Ишмаева жолдады.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему