Бостандыққа шыққан соң қоғамға бейімделу жолдары түсіндірілді
Курс валют в Актау
на 24/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Среда,
24 Апреля, 12:53
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Бостандыққа шыққан соң қоғамға бейімделу жолдары түсіндірілді

21 Апреля 2017 (17:51) | 1916 | Автор: Нурганым Имашева

 

 

ГМ-172/10 мекемесінде 20 сәуір 2017 жылы арнайы контингенттер арасындағы тәрбие жұмысы бөлімінің ұйымдастыруымен шаруашылық жасағының сотталғандары арасында топтық түсіндірмелі жұмыс шарасы өтті.

 

            Шараға Ақтау қалалық жұмыспен қамту орталығының директоры Кусайнова Ктай Тлепиевна арнайы шақыртылды. Ол жазасын өтеушілерді еңбекпен қамту заңнамаларындағы өзгерістермен таныстырып, бостандыққа шыққан соң қоғамға қалай тез бейімделу жолдарын түсіндірді, мемлекет тарапынан жазасын өтеп шыққандарға арналған әлеуметтік бағдарламалар мен жұмыспен қамту бағытында қарастырылған мүмкіндіктер жайлы кеңінен әңгімеледі.

 

            -Сіздер ертеңгі күні бостандыққа шықаннан кейін Ақтау қалалық жұмыспен қамту орталығына келіп, жұмыс сұрай аласыздар, ал біз өз тарапымыздан бос орындары бар мекемелерден жұмыс ұсынамыз.

 

 

Егер мамандықтарыңыз болмаса, жаңа мамандық алу мүмкіндіктеріңіз бар. Қысқа мерзімді курстарда оқыту арқылы, сіздерге мамандық береміз. Сонымен қатар, бостандыққа шыққан азаматтарға мемлекет тарапынан бір мезеттік жәрдемақы төленетінін айтып кеткім келеді. Мұқтаж адамдар біздің Орталыққа келу арқылы өздерінің тиісті құжаттарын тапсырып, осы аталған мемлекеттік көмекті ала алады.

 

 

Ешкім далада қалмайды, егер түзеу мекемесінен шыққан соң баратын тұрғылықты жері, баспанасы болмаса, ондай адамдарға алты айға дейін бейімделу орталығында тұруына болады. Ұзақ мерзімде жазасын өтегендер біліктілігінің жойылуына байланысты, бұрынғы мамандығы бойынша жұмысқа тұра алмаса, ондай адамдарды жаңағы аталған қысқа мерзімді курстарда оқыту арқылы жаңа мамандық алуына көмектесе аламыз.

Әлеуметтік жұмыс орындарына азаматтарды орналастыру мүмкіндігіміз бар. Оларда жалақы аз дегенмен де тұрақты жұмыс орнымен қамтылып, еңбекақы алып тұрудың мүмкіндігі болады. Бастапқы кезде жұмыс табу үшін олардан бас тартпау қажет.

Сонымен қатар мемлекет тарапынан қарастырылған көмектің бір түрі-бостандыққа шыққан азаматтарға мемлекет арзан 6 пайыздық мөлшермен 5-7 жылға несие береді. Соны пайдаланып, өз ісін ашып, жеке кәсіпкерлікпен айналысам деген азаматтар бұл мүмкіндікті пайдалануына болады. Ол үшін біз сол азаматтарды іскерлікке оқытамыз, Кәсіпкерлер Палатасы бизнес-жоспар құруға көмектеседі.

Әсіресе, ауылдық жерлерде осындай іс бастауға мемлекет тарапынан арнайы қолдау көрсетіледі,-деді шара барысында жазасын өтеушілерге түсіндіру жасаған Ақтау қалалық жұмыспен қамту орталығының директоры Кусайнова Ктай Тлепиевна.

 Шаруашылық жасағының сотталғандары Орталық директорына өздерін толғандырған сауалдарын қойып, оларға тұшымды жауаптар алды.

Шара соңында өз пікірімен бөліскен жазасын өтеуші Қуаныш Сәрсенбаев:

- Бостандыққа шыққан соң, осы еңбекпен қамту орталығының көмегімен өз ісімді ашып, балаларыма жұмыс тауып берсем, бала-шағамды асырайтын шағын кәсібім болса деймін. Алла қаласа, осылай аяғыма тік тұрсам деген ойым бар. Қатемізді түсіндік қой, түзелу жолына түсіп, еңбек етіп, адал өмір сүруді қалаймын.

Бүгінгідей кездесулер бізде әр тоқсан сайын өткізіліп тұрады. Мұндай шаралардың біз үшін пайдасы зор. Ризамыз, біз үшін тәрбиелік бағыттағы түрлі шараларды ұдайы ұйымдастырып отыратын тәрбие бөлімінің жұмысына, - деді.

 ГМ-172/10 мекемесінің арнайы контингенттер  арасында тәрбие жұмысы бөлімінің  аға инспекторы әділет капитаны Марал Асқарқызы Ерғалиева

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему