Ақтаудағы пандустар тексерілді
Курс валют в Актау
на 20/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
20 Апреля, 00:05
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Ақтаудағы пандустар тексерілді

21 Апреля 2017 (16:55) | 2119 | Автор: Мира Ботабекова

 

Қаладағы 230-дан астам әлеуметтік нысанда мүгедектерге арналған пандустар жасалмаған. Осындай 2 мекемеге биыл миллион теңге айыппұл салыныпты. Енді шаһардағы әрбір ғимарат тексерілетін болады. Алдымен хабарлама беріліп, орындалмаған жағдайда әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Бүгін құқық қорғау органдары тексерісті бастап кетті. Енді бұл шара 6 ай бойы жалғасады. Бұл туралы "Қазақстан-Ақтау" телеарнасы хабарлады.

Тексеру тобы алдымен "МАЭК Қазатомөнеркәсіп"  ЖШС-нің тұтынушыларды қызмет көрсету орталығына барды. Кі¬реберіс табалдырығы пандусқа ұқса¬ты¬лып жасалғанымен, оның мүгедек жан¬дарға арналмағанын аңғару оңай. Арбадағы  жан түгілі он екі мүшесі сау адам шыға алмайды. Прокурор мекеме басшылығына ескерту қағазын табыстады. Олқылықты дұрыстауға 1 ай мерзім берілді.

Белгіленген мерзім ішінде талап орындалмаса, мекемелерге 50 АЕК есебінде айыппұл салынады. Әкімшілік жауапкершілікке тартылады.Шара қалалық прокуратура мен әкімдік тарапынан жасалған меморандум аясында жүріп жатыр.

Нағима Махарова - ЕӘҚжКҚ Департаментінің бас маманы:

-Бүгін "қоғам сенің қорғаның" атты жоба аясында жұмыс жасап жатырмыз. Жобаның мақсаты - мүмкіндігі шектеулі жандардың әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріне кіріп-шығуын қамтамасыз ету.

Кенесары Ұзақбай - Ақтау қаласының тұрғыны:

-Мекемелерде пандус керек. 2-ші, 3-ші топ мүгедектеріне қиын. Оларға көтерілу қиын ғой.

2016 жылы 24 нысан тексеріліп, оның 13-не айыппұл салынған. Ал осы жылы 4 мекеме қаралыпты. Нәтижесінде Ақтау әуежайы мен "Чакур" емханасы миллион шамасында әкімшілік айыппұл төледі.

Бақдәулет Ахмедов - прокурор:

-Жұмыс тобымен бірқатар объектілер анықталды. Яғни пандустар жасақталмаған. Ешқандай қолжетімділігі көрсетілмеген. Қазіргі таңда оларды сәйкестендіру туралы тиісті түсімхаттар берілді.

            Талапқа сай пандустардың ені - 1 метр, биіктігі баспалдақпен деңгейлес болу шарт. Қол тұтқаларының арақашықтығы мен көлбеулігі сай болу керек. Мұндай стандарт әлеуметтік сақтандыру орындарында ғана сақталған. Ал, тағдырдың тәлкегіне түскен  жандардың өміріне қолайлы жағдай жасау -  қоғамның басты талабына айналса игі.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему