Теңіз жағалауында ұлттық құндылықтар ұлықталды
Курс валют в Актау
на 29/03/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
29 Марта, 13:37
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Теңіз жағалауында ұлттық құндылықтар ұлықталды

19 Апреля 2017 (18:21) | 2132 | Автор: Мира Ботабекова

 

Қыс ызғары кетіп, жер бусанып, күн жылынғанын күткен Маңғыстау облысының соттары теңіз жағалауында «Жыл басы - Әз Наурыз» атты мерекелік ойын-сауық өткізді. Ұлттық нақышпен көмкерілген сахна, теңіз жағасындағы ақ шаңқан киіз үйлер, ұлттық астың алуан түрі қойылған дастарқан, ұлттық киімдегі қыз-жігіттер думанды кештің сәнін аша түсті.

Іс-шараға Маңғыстау облыстық сотының төрағасы Ж.Аланов, облыс әкімінің орынбасары Ә.Шөжеғұлов, сот жүйесінің ардагерлері менқұқық қорғау органдарының бірінші басшылары да қатысты.

Салтанатты жиынның шымылдығын ашқан Ж.Аланов: «Наурыз мейрамы — ежелгі заманнан қалыптасқан, тұтас түркі әлеміне ортақ жыл бастау мейрамы. Достық пен ынтымақ ұлықталып, жақсы тілектер айтылатын, ұлттық салтымыз насихатталатын ұлы мереке. Іс шараны өткізудегі мақсатымыз - ұлттық мерекені кеңінен атап өте отырып, қазақы салт-дәстүрлерді, ұлттық ойындарды жаңғырту.Сондықтан, рухани құндылықтарымыз қашан да биік болсын, ал елімізге аманшылық пен тыныштық тілеймін», - деп, жылы лебізін білдірді.

Думанды сауық барысында облыстағы 13 аудандық және оған теңестірілген соттар мен Соттар әкімшісі өзара бірігіп, 5 командаға бөлініп, алты қанат ақ ордаларын тігіп, ұлттық ойындар мен түрлі сайыстар бойынша сынға түсті. Бұл күні жастар жағы ұмыт бола бастаған ұлттық ойынның бір түрі асық атудан жарысса, қара күш иелері қой көтеріп, күш сынасты. Сондай-ақ өзге мықтылар қазақша күрес пен кір тасын көтеруден, арқан тартып, шұбат ішуден жарысты. Әр команданың арнайы дайындаған Наурыз көжелері де бағаланды. Көпшіліктің ішінен ең үздік ұлттық киім үлгісімен көзге түскен ханзадалар мен ханшайымдар да жүлделерге ие болды. Облыстық сот төрағасының арнайы жүлдесі үшін ұйымдастырылған қой көтеру кезеңінде облыстық сот мамандарынан құралған «Әділет» командасының мүшесі Оразгалиев Ықыласқойды иығына салып, 70 рет отырып-тұрып, өзгелерден оқ бойы озып шықты.

Сондай-ақ, судьялар мен сот қызметкерлерінің мың бұрала билеп, әннен шашу шашуы, домбыра шертіп, әзіл әңгімелер айтуы мерекелік кештің өрнегін салып, айшықтай түсті. Әрбір команданың мықтылығын, ерекшелігі мен қабілетінарнайы құрылған комиссия бағалап отырды. Нәтижесінде әр сайыстың өз жеңімпаздары анықталып, бағалы сыйлықтармен марапатталды.

«Бауыр шырын, бас тәтті, ағайынмен ішкен ас тәтті» демекші, бұл күні барлығы да бір-біріне қонаққа барып, ауыл аралап, ас ішті. Ал, М.Өскінбаев атындағы облыстық филармония өнерпаздары ән мен жырдан шашу шашты. Ақ сақалды қариялар ақ тілекпен бата берді. Шара соңы «100 нақты қадам» Ұлт жоспарына қолдау көрсету мақсатында облыстық, аудандық және оған теңестірілген соттардан 100 адамның қатысуымен «Қара жорға» биіне флеш-мобпен қорытындыланды. Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі хабарлады.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему