Ақтаулық жастар «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесін насихаттады
Курс валют в Актау
на 17/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Среда,
17 Апреля, 02:18
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Ақтаулық жастар «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесін насихаттады

19 Апреля 2017 (13:39) | 1532 | Автор: Нурганым Имашева

 

Облыс орталығында «ЭКСПО-2017» xалықаралық мамандандырылған көрмесіне өңір атынан баратын еріктілердің қатысуымен акция өтті.

Облыстық жастар саясаты мəселелері басқармасының және жастар ресурстық орталығының қолға алуымен ұйымдастырылған шара автошерумен басталып, викториналық сұрақтарға ұласты.

 Сондай-ақ, акцияның жоғары деңгейде өтуіне облыстық туризм басқармасы, «Казпочта» АҚ Маңғыстау облыстық филиалы, «Тойота центр» автосалоны қолдау көрсетті.

      Қала тұрғындары да шараға белсене қатысып, білімдерін тексерді. Бағы жанғандар бағалы сыйлықтармен марапатталып, арнайы «ЭКСПО-2017» xалықаралық көрмесінің билеттеріне ие болды.

            -Бүгін достарыммен берекелі Бейнеуден қыдырып келген едім. Акцияға қатысып, елордамызда өтетін «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне қатысты қойылған сұрақтарға мүдірместен жауап беріп, көрмені тамашалауға арнайы билет ұтып алдым. Өте қуаныштымын. Енді жазда көрмеге барып, тамашалайтын болдым,-дейді Сайран Айтбаев.

            Облыстық жастар ресурстық орталығының директоры Гүлмира Бурxандинованың айтуынша, xалықаралық көрмеге аймақтан 50 ерікті барады. Олар өткен жылдың қазан айынан бастап, ағылшын тілін үйреніп, көрмеге келетін шетелдік меймандарға сапалы қызмет көрсету үшін арнайы курстардан өтіп, шеберліктерін шыңдаған. Одан бөлек, еліміздің тариxы, салт-дәстүрлері, ұлттық тағамдары бойынша ағылшын тілінде мағұлматтар алған.

            -Елімізде өтетін «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінің қатысушылары мен қонақтарына қызмет көрсету үшін облыстан ерікті болып баруға 150 үміткер ұсыныс білдірген болатын. Барлығымыздың білімімізді тексеріп, ағылшын тілінен емтихан қабылдады. Олардың арасынан 50 ерікті іріктеліп алынып, өткен жылдың қазан айынан бастап ағылшын тілі курстарына қатысып, көрмеге келушілерге алғашқы медициналық көмек көрсету, қауіпсіздік ережелері бағытында сабақтардан өтті. Одан бөлек, оқу аясында топқұру, көшбасшылық қасиеттердi қалыптастыру, қарым-қатынасты дамыту, конфликттердi шешуге байланысты тренингтер ұйымдастырылды. Менің халықаралық көрмеге ерікті болып баратыным, көрменің жоғары деңгейде өтуіне үлес қосатынымды естігенде ата-анам да қатты қуанды. Жалпы өзім мектеп кезінде ағылшын тілін терең меңгеру үшін арнайы курстарға барған едім. Тілді еркін меңгергенім менің халықаралық көрмеге ерікті болып баруыма септігін тигізді,-дейді Ш.Есенов атындағы КМТжИУ-нің теңіз техникасы және технологиялары факультетінің І-курс студенті Әсел Хабибуллиева.

 

 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему