Ақтаулық жастар Димашқа қолдау көрсетті
Курс валют в Актау
на 24/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Среда,
24 Апреля, 02:20
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Ақтаулық жастар Димашқа қолдау көрсетті

19 Апреля 2017 (13:31) | 1455 | Автор: Нурганым Имашева

 

Күллі әлем көз тіккен Қытайдағы «I am a singer» тележобасының финалында еліміздің мақтанышы Димаш Құдайбергенов өнер көрсетті. Әлемдік жобада елімізің намысын абыроймен қорғап жүрген Димашты ақтаулық жастар да қолдап, сәттілік тіледі. Акцияның жоғары деңгейде өтуіне облыстық жастар саясаты мəселелері басқармасы мен жастар ресурстық орталығы ұйытқы болды.

         Сенбі күні кешкісін теңіз жағалауына ақтаулық жалынды жастар жиналып, Димашқа жанкүйер болды. Шарада жергілікті өнерпаздар да өз өнерлерін көретіп, халықтың ықыласына бөленді.

         -Бүгін таңертең «ЭКСПО-2017» xалықаралық көрмесіне өңір атынан баратын еріктілердің қатысуымен акция өткізсек, кешкісін қала жастарын жинап, теңіз жағалауында еліміздің мақтынышы Димашты қолдау мақсатында шара ұйымдастырдық.

 Димашты қолдау акциясына ақтаулық жастар белсене қатысуда. Елімізді әлемге танытатын Димаштай талантты жастарымыз көп болсын дейміз.

 Жалпы, Маңғыстау жастары да қай салада болмасын белсенді. Мәдениет саласында да, спортта да әр түрлі республикалық, халықаралық байқауларда орын алып, түбектің намысын абыроймен қорғап жүр,-дейді облыстық жастар ресурстық орталығының директоры Гүлмира Бурxандинова.

         Финалда Димаш қытайлық әнші Лауре Чангпен поп музыка королі Майкл Джексонның «The Way You Make Me Feel», «Erth song» және «Billie Jean» әндерін орындады. Көрермендердің дауыс беруімен Димаш «I am a singer-2017» тележобасында 2-орынға ие болды.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему