Студенттер мен оқытушылар Ақтау қалалық сотында болды
Курс валют в Актау
на 20/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
20 Апреля, 14:43
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Студенттер мен оқытушылар Ақтау қалалық сотында болды

18 Апреля 2017 (17:21) | 1525 | Автор: Мира Ботабекова

 

 Маңғыстау облыстық соты мен Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті арасындағы Меморандумды іске асыру және құқықтық саясат айлығы аясында «Құқықтану» кафедрасының оқытушылары мен студенттері Ақтау қалалық сотында болды.

Сот төрағасы М.Кежалиев пен осы соттың судьялары қонақтарға сот жүйесіндегі реформалар, сот жүйесінің халықаралық талаптарға сәйкес болуы, республикадағы қылмыстық істер қарайтын соттардың бірыңғай практикалары және азаматтық қоғамға бітімгершілік рәсімдердің пайдасы туралы әңгімеледі. Сондай-ақ, қатысушыларға жаңа Судьялық әдеп Кодексінің қағидалары мен оның қазіргі заманға сай өзгертілген талаптары түсіндірілді.М.Кенжалиев Ақтау қалалық сотының судьялары мен сот жұмысына да тоқталды. Судьялар өздері қараған істер бойынша қызықты, тың әңгімелерімен бөлісті. Студенттер мен оқытушылар сұрақтар қойып, оларға толық жауаптар алды.

Кездесу соңында қонақтар сот ғимаратын аралап, жұмыс барысымен және сот тарихы мен ардагерлер туралы мәліметтермен танысты. 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему