Маңғыстау облыстық сотының құрамы жаңа судьямен толықты
Курс валют в Актау
на 20/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
20 Апреля, 14:19
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстау облыстық сотының құрамы жаңа судьямен толықты

18 Апреля 2017 (16:44) | 1783 | Автор: Мира Ботабекова

 

Маңғыстау облыстық сотының төрағасы Ж.Аланов облыстық соттың жалпы отырысында  Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Ақтау қаласының №2 сотының жаңа тағайындалған судьясы Нурумова Эльмира Серікқызын ұжымға салтанатты түрде таныстырды.

Шараға сот төрағасы Ж.Аланов және судьялар, аудандық және оған теңестірілген соттардың төрағалары мен судьялары, кеңсе қызметкерлері қатысты.

Нурумова Эльмира Батыс Қазақстан облысы Казталов аудандық сотында 2004-2010 жылдар аралығында бас маман, сот отырысының хатшысы, 2010-2013 жылдар аралығында Батыс Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында бас маман лауазымдарын атқарған.

Ол өз міндеттерін адал әрі абыройлы орындауға, сот төрелігін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына ғана бағына отырып жүзеге асыруға, судьялық борышы міндеттегендей бейтарап және әділ болуға салтанатты түрде ант берді.

Сот төрағасы жаңа тағайындалған судьяны құттықтап, оған табысты жұмыс, міндеттеріне адал болуды және азаматтар мен заңды тұлғалардың заңды мүдделерін қорғауда әділ болуды тіледі.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему