Әкім Қарақия ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуымен танысты
Курс валют в Актау
на 23/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Вторник,
23 Апреля, 21:58
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Әкім Қарақия ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуымен танысты

17 Апреля 2017 (16:33) | 2368 | Автор: Мира Ботабекова

 

 

         Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов  жұмыс сапарымен Қарақия ауданына барды.

            Алдымен аймақ басшысы «Бейнеу-Ақтау» автокөлік жолының «Ақтау-Жетібай-Шетпе» бөлігіне жүргізіліп жатқан қайта жаңғырту жұмыстарымен танысты.  36,335 млн. теңге көлеміндегі қаражат Азия даму банкімен бөлінді. Жобаның тапсырыс берушісі ҚР Көлік және коммуникация министрлігі. Жоба бойынша «Ақтау-Жетібай» бөлігі төрт жолақты, ортасында бөгеттері бар 1 дәрежедегі жол болып табылады.

Бекі, Жетібай және Шетпе елді-мекендерінен өтетін жерлерін  жарықтандыру көзделген. Сонымен бірге,  Жетібай және Шетпе ауылдары арқылы айналып өтетін болады. Сондай-ақ, автокөлік жолдарына эстакадалар мен орындықтар орнатылады. Жалпы ұзындығы 170 шақырым автокөлік жолдарының құрылысына Маңғыстау облысының, соның ішінде, Жетібай және Мұнайшы ауылдарының тұрғындары жұмысқа тартылған. Осы жылы жалпы сомасы  36 миллиард теңгеден 7 млрд. теңге игеріледі.  

-Бүгінгі таңда асфальтбетон салу жұмыстарының 70% жасадық. 2 қабатын бітіріп жатырмыз, дүйсенбіден бастап үшінші қабатына көшеміз. Құрылыс жұмыстарына қазақстандық материалдарды пайдаланамыз. Бұрын ресей битумын алсақ, қазір «КаспиБитум» зауытының ашылуымен мәселе жергілікті жеткізушінің пайдасына шешілді.  Өткен жылы  45 мыңға жуық  битум алдық, осы жылға  25-30 мың тонна аламыз деп жоспарлап отырмыз. Көпір құрылғыларының конструкциялары үшін темір-бетон өнімдері Ақтөбе  мен  Алматы қалаларынан жеткізіледі. Қиыршық тастар тек Шетпеден алынады.  Жоба 2015 жылы басталды.  2017 жылдың қазан айында толық жол қозғалысын ашамыз,-деді «Дженгиз Иншаат» компаниясының Ақтау қаласындағы филиал директоры  Мурат Зейнабилов.

-    Сіздің және Ақтау қаласының жарықтандыру жобаларын біріктіруге болады, яғни  жақынарада  көшедегі шамдарды күн сәулесінен қуат алатын шамдарға ауыстыру туралы  ұсыныспен келген қытай компаниясымен бірге жұмыстануға болады. Ақтау қаласы мен Сіздер үшін бірегей жоба дайындаймыз. Сонымен бірге, автокөлік жолдары мен жолаушылар көлігі басқармасы апта сайын «Ақтау-Жетібай-Шетпе» автожолдарына жасалып жатқан құрылыс жұмыстарының есебін және алдағы жеті күнде жасалатын жұмыстар жоспарын  ұсынуы қажет деп тапсырма берді, - аймақ басшысы Ералы Тоғжанов.

            Сонан соң, Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов бірінші рет Жетібай мұнайын берген №6 ескерткіш ұнғымасын қарады. 2016 жылы ескерткіштің қасына аймағымыздың дамуына зор үлес қосып, аянбай еңбек еткен алғашқы мұнайшыларға  мұражай салынды.

            Ералы Тоғжанов «Маңғыстаумұнайгаз» компаниясының өкілдерімен кездесу барысында әлеуметтік жауапкершілікті арттыру жұмыстарының маңыздылығын атап өтті.

-Біздің байлығымыз мұнай емес, біздің байлығымыз-адамдар. Әрбір компания негізгі қызметінен басқа әртүрлі бағытта жұмыс жүргізуі қажет. Егер жаңа технологиялар енгізу есебінен жұмыс орындары қысқаратын болса, онда Сіздер шығып қалған адамдарды жұмыспен қамтуыңыз қажет. Мысалға, ауыл шаруашылығын дамыту есебінен жұмыс орындарын ашу қажет. Бұл ҚР Президентінің тапсырмасы, -деді Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов.

             Облыс әкімінің келесі барған нысаны «Жетібай-Достық» карьері болды. Мұнда айына 5 мың шаршы метр ұлутас өндіріледі. Карьер өнімі өзінің ерекшеліктері - жергілікті ұлутастың жұмсақтығына байланысты аса жоғары сұранысқа ие болмай тұр.

-Ұлутас тақталарын Промзона аймағында немесе Бакудегідей әуежайдан қалаға жүрген жолдарға әшекейлеу қоршауларын жасау кезінде пайдалануға болады. Бұл эстетикалық жағынан жақсы және мекеме үшін тапсырыс болады. Жұмыстың жаңа форматына көшетін уақыт жетті. Жаңа технологиялар  енгізу қажет, мысалға тақтадан әртүрлі пішіндер кесетін жаңа құрал-жабдықтар сатып алып, қызметкерлерді оқыту қажет. Менің орынбасарым Рақымбек Әміржановқа мекемені жұмыспен толықтыру мақсатында ұсыныстар жасақтауды тапсырамын, - деді Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов.

            2016 жылы Жетібайдың жаңа шағынаудандарында жаңа жоба ұзындығы 17,4 шақырымды құрайтын ауылішілік автожолдардың құрылыс жұмыстары басталды.  Жобаның құны 947,433 млн. теңге. Бүгінгі таңда  7,5 шақырымын жасау қажет. Қаржыландыру жұмыстарына қаражат облыстық мәслихаттың сессиясында қаралатын болады. Аймақ басшысы Жетібай ауылындағы «Жанарыс» ЖШС тігін цехы мен арнайы киімдерді химиялық тазалау цехынының жұмысымен танысып, қызметкерлермен кездесті. Арнайы киімдер тігу цехы 2014 жылы  жер қойнауын пайдаланушылар -компанияларының тапсырысы бойынша ашылды. Бүгінде мұнда 62  адам қызмет етеді. Олар жылына 5500 жұмыс киімдерінің жинақтамасын, 24 мың қолғап, 2200 әртүрлі өнімдер тігеді. Бүгінде мұнда Жетібай ауылының  65 тұрғыны қызмет етеді, кәсіпорынның 200 адамды жұмыспен қамтуға мүмкіндігі бар. Барлығы тапсырыс көлеміне байланысты болып отыр.

 -Медициналық халаттар тігуге мүмкіндік болса, біздің денсаулық сақтау мекемелері неге жергілікті тігін фабрикаларына тапсырыс бермеске.  Сондай- ақ, «Мангистаумунайгаз» АҚ жергілікті мазмұн аясында арнайы киімдерді осында тапсырыс беруі қажет.  Сапасы стандартқа сай келіп тұр. Әртүрлі варианттарын қарап, жұмысты бастау керек. Біз тұрғындар алдында жауаптымыз және жұмыспен қамту мәселесін шешуіміз қажет деп тапсырды, - Ералы Тоғжанов.

            Мұнайшы селосында Маңғыстау облысының әкімі №5 орта мектепті қарап шықты. Нысан 1967  жылы салынған және 624 оқушыға есептелген.  52 мұғалімнің екеуі «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша келген. Оқу процесін жақсарту мақсатында оқушылардың ұсыныстары үшін мектеп дәліздеріне жәшік орнатылған. Күн сайын мектеп директоры оқушылардың жасырын ұсыныстарын  оқиды. Облыс әкімі Ералы Тоғжанов оқушылардың бір-екі хаттарын оқып шықты. Мысалға, біреуінде мектеп оқушысы екінші қабаттың дәлізіне қоңырау мезгілінде ойнайтын үстел ойындарын орнатуды сұраған.

- Өте жақсы идея, мұны барлық мектептер қарастыруы қажет. Балалар мектеп өміріне араласады, мұғалімдер оқушылармен тығыз байланыс жасайды, - деді Ералы Тоғжанов.

Мектеп жанында 28 балаға есептелген мектепке дейінгі шағын орталық жұмыс жасайды.

            Сондай-ақ аймақ басшысы «Жаңа Серпін» бағдарламасы бойынша жұмысқа тұрушыларды орналастыру үшін Құрық кентіндегі салынып жатқан жатақананың құрылыс жұмыстарымен танысты. Жер қойнауын пайдаланушылардың есебінен салынып жатқан  500 орындық жатақана  2017 жылдың қыркүйек айында пайдалануға беріледі.

-  Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы отбаслық үлгісіндегі жатақана құрылысының жобасын дайындауы және тез құрылыс жұмыстарын бастауы керек.  Құрық одан әрі дамиды, мұнда отбасыларымен келіп жұмыс істейді, оларды орналастыру қажет деп тапсырма берді, - Ералы Тоғжанов.

Сонымен бірге, Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов Қарақұм елді- мекеніндегі «Жалмұрат» шаруа қожалығының қызметімен танысты.  50- ге жуық шаруа қожалықтарының басты мәселесі-жаз күндері бір электр желісінің толық қуатымен жұмыс істей алмайтындығы болып тұр.

- Жақсы шаруа қожалығы, бірақ инвестиция мен технологияларға зәру. Ауыл шаруашылығы басқармасына инвестиция бойынша ұсыныс беруді тапсырамын, мүмкін гидропоникаға көшу қажет болар. Электр қуатымен қамтамасыз ету  мәселесін  Қарақия ауданының әкімдігі шешеді,- деді аймақ басшысы Ералы Тоғжанов.

 

 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему