Маңғыстаулық спортшылар джиу-джитсу бойынша 4 жүлделі орынды жеңіп алды
Курс валют в Актау
на 20/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
20 Апреля, 02:43
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстаулық спортшылар джиу-джитсу бойынша 4 жүлделі орынды жеңіп алды

17 Апреля 2017 (16:31) | 2772 | Автор: Нурганым Имашева

 

Алматы қаласында 15 сәуір күні шығыс жекпе жегі - Джиу джитсудан IV республикалық ашық турнир өз мәресіне жетті.

Қазақстандағы джиу-джитсудың негізін қалаушы Сүйіндіков Рүстем Мәлікұлын еске алуға арналған, дәстүрлі түрде өтетін бұл жарысқа еліміздің түкпір-түкпірінен ең мықты деген спортшылар қатысып, күш сынасты.

Маңғыстау облысының намысын қорғауға аттанған 6 спортшымыздың барлығы да  – Шоқыр Бөлтекұлы атындағы жоғары спорт шеберлігі мектебінің тәрбиеленушілері биіктен көріне білді. Жарыста 6 спортшының төртеуі жүлделі орынға ие болды.

Атап кетсек, «Неваза жүйесі» бөлімі бойынша 77 келі салмақ дәрежесінде Есболов Нұрлан 1 орынды, 69 келі салмақта Закарин Жанболат 1 орынды және 56 келі салмақ дәрежесінде Қонысов Қуандық 1 орынды жеңіп алды. Ал 62 келі салмақта маңғыстаулық Жәнібек Әбубәкір 3 орынды қанағат тұтып, марапатқа ие болды.

 Жаттықтырушы Болат Дюсенбиевтің айтуынша, спортшыларымыздың барлығы да мықты дайындықтарын көрсете білді.

-Джиу-джитсу бойынша аймағымыздың абыройын асқақтатқан жеңімпаздарымызды құттықтаймыз! – дейді осы қуанышты жаңалықпен бөліскен Ш.Бөлтекұлы атындағы жоғары спорт шеберлігі мектебінің баспасөз қызметі.

 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему