Маңғыстау облысында құқықтық сауаттылық айлығы басталды
Курс валют в Актау
на 16/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Вторник,
16 Апреля, 14:25
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстау облысында құқықтық сауаттылық айлығы басталды

17 Апреля 2017 (13:04) | 2049 | Автор: Нурганым Имашева

 

Маңғыстау облыстық сотының төрағасы Ж.Аланов Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінің студенттерімен кездесіп, дәріс оқыды.

Бұл туралы біздің басылымға Маңғыстау облыстық сотының баспасөз маманы Нұршат Өтеулиева хабарлады.

Аталған іс-шараға сот төрағасы Ж.Аланов, Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінің ректоры Ә.Ботабеков, облыстық соттың судьялары мен университеттің профессор-оқытушылар құрамы және студенттер қатысты.

Кездесу барысында сот төрағасы қатысушыларға еліміздегі сот-құқық саласында орын алған жаңалықтар мен өзгерістер, заңдардың соттарда қолданылуы, сот жүйесінің заманауи жетістіктері туралы кеңінен әңгімеледі.

Жақсылық Рзабекұлы заң және құқықтану факультеттерінің студенттеріне судьялық қызметтің жауапкершілігі мен беделін, сот ісінің маңыздылығы мен күрделілігін де баяндады. Сондай-ақ оқытушылар мен студенттердің талқылауында жүрген конституциялық реформа мен Елбасының биылғы Жолдауындағы өзекті мәселелер түсіндірілді.

Пікір алмасу кезінде студенттер қолданыстағы  қылмыстық, азаматтық және әкімшілік заңнамалардың ерешеліктері, сот жүйесіндегі заманауи технологиялар, судьялыққа үміткерлерге қойылатын талаптар туралы көкейлерінде жүрген сауалдарын қойып, толық  жауаптар ала алды.

Қазақстанның қарқынды дамуы сот жүйесінің алдына жаңа міндеттер қойып отырғандығын алға тартқан сот төрағасы:

-Ел болашағы жастардың қолында, демек, еліміздің тізгінін ұстайтын да сіздерсіздер. Сондықтан, уақытты құр жібермей, оқу оқып, білім іздеп, қоғамдағы жаңашылдықтарға бей-жай қарамаңыздар. Белсенді де білікті болыңыздар, - деп, жастарды өз ісінің нағыз майталманы болуға шақырды.

 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему