Маңғыстаулық оқушылар тарихи жерлерді аралап жүр
Курс валют в Актау
на 16/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Вторник,
16 Апреля, 22:56
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстаулық оқушылар тарихи жерлерді аралап жүр

14 Апреля 2017 (17:02) | 1839 | Автор: Мира Ботабекова

 

Аймақта «Менің Отаным – Қазақстан» тақырыбында туристік-өлкетану экспедициялық жасақтардың слеті өтуде. Слетке аудандық, қалалық жарыстардың жеңімпаз 7 тобы қатысып жатыр. Оқушылар сәуірдің 13-14 күндері Маңғыстаудың ең биік жері - «Отпан тау» тарихи-мәдени кешені мен Каспий жағалауында орналасқан «Балдәурен» оқу-жаттығу базасында болып, сол жерлердің тау-тасын аралап, тыныс-тіршілігімен танысты. Отпан тауда жартасқа өрмелу, қиратылған көпірден өту, кедергілер жолағын жеңу, азимутты табу, алғашқы медициналық көмек көрсету мен ғылыми жобаларды қорғаудан сайысқа түсті. «Бард» әндері фестивалін ұйымдастырды.

АРАЙЛЫМ ӘЛКЕ, 9-СЫНЫП ОҚУШЫСЫ (Ақтау қаласы):

-Туған жердің тарихы туралы кітаптан оқу немесе апайларымыздың сөзінен естігеніміз бір бөлек, ал, енді «Отпан тауды», өзіміздің тарихи өлкемізді көзбен көріп, түрлі бейнедегі тастарын, өсімдіктерін тамашалау, тіпті ерекше. Керемет сезімде болдық. Барлық оқушылар байқауларға белсенді атсалысты. Біз тек қана тарихи орындары аралап қоймай, табиғатты қорғауға да үлесімізді қосып жатырмыз. Біз мұнда құс ұяларын жасап, ағаштарға ілдік.

Облыстық білім басқармасы туризм басқармасымен бірлесіп, оқушылар баратын тарихи орындардың сызбасын жасады. Слетке қатысушылар аймақтағы Шерқала, Айрақты сияқты т.б. 19 нүктеге саяхат жасайды.

АЙЖАҚСЫ ТҰРЖАНОВА, ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

-Жасөспірімдерге туған жерін, тарихын, өлкедегі қоғам қайраткерлері, олардың ерліктері, сөнбес жұлдыздарымызды таныстыру, зердесіне құю басты мақсатымыз. Бұрын оқушылар тек қана үйірмелерде, қосымша білім беру ұйымдары деңгейінде шектелетін болса, енді оларды тарихи орындарға апарып, таныстыру үшін экспедициялық жұмыстарды қолға алдық. Әуелі өз жерінің тарихын, өткенін біліп өскен ұрпақ болашақта өз Отанын қорғайтын нағыз батыр болып шыңдалады.

Облыстық слет – туризм мен өлкетануды насихаттауға білім беру ұйымдарында туристік жұмыстарды жандандыруға ықпал етеді. Слет жеңімпаздары дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталып, барлық қатысушыларға сертификаттар табысталады.

Ал, облыстық слеттың жеңімпаздары республикалық кезеңге жолдама алады. «Менің Отаным – Қазақстан» тақырыбында туристік-өлкетану экспедициялық жасақтардың респбуликалық слеты жазда ашық аспан астындағы мұражай саналатын Маңғыстауда өтеді. Өлкемізге еліміздің әр өңірінен оқушылар келіп, қазыналы түбектің қайталанбас табиғатымен, сәулетті ескерткіштерімен тереңірек танысуға мүмкіндік алады.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему