«Қамқор алаяқтардан» қауіп көп. Абай болыңыз!!!
Курс валют в Актау
на 20/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
20 Апреля, 04:18
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

«Қамқор алаяқтардан» қауіп көп. Абай болыңыз!!!

11 Апреля 2017 (18:55) | 2539 | Автор: Нурганым Имашева

 

 

Қай қоғамды, қай кезеңді алсаңыз да, алаяқтық қылмысының кең етек жайып келгенін көруге болады. Десе де, қоғам бұл қылмыспен күресті ешқашан тоқтатқан емес. Прокуратура өкілдері әрдайым алаяқтық қылмысының көбейіп бара жатқанын айтып, дабыл қағуда. Осы тақырып төңірегінде Ақтау қаласы прокуратурасының бөлім прокуроры Мақсат Өмірбаев келелі ой қозғап, азаматтарды алаяқтардан сақтануға шақырады.

-Прокуратура тарапынан бұл қылмыстың өсуі мен алаяқтардың әдіс-тәсілдері, алаяқтықтың түрлері туралы талдау жұмыстары жүргізіліп, онымен күресу жолдары талқылап отырады.

Өкінішке орай, құқық қорғау органдары халыққа алаяқтық қылмысы туралы қанша түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, ескертулер жасағанымен, кейде жәбірленушінің өзі алаяққа жақындай түсетін сияқты.

Мемлекеттік бағдарламалармен мерзімінен бұрын үй немесе жер алу, жұмысқа орналасу, өсімпұлмен ақша беріп, оны ала алмай алаяқтарға ұрынған азаматтар, өздері де мемлекет талабын сақтамаса да өз құқықтарын қорғау үшін қайта айналып келіп, құқық қорғау органдарынан көмек сұрайды.

Соңғы кездері елімізде алаяқтық қылмыстары тым жиілеп барады және олардың басым бөлігі нәзік жандылар қатарынан екені өзекті өртейді.

Сондай-ақ кейде сол қылмысқа әйелдер де белсене араласып, әккі болып барады. Соңғы кезде «Жеңілдетілген несие алып беремін» деп тақырға отырғызып кететіндер де, «Тез арада баспаналы боласың» деп, қаржысын күреп жеп кететіндер де осындай «қамқор алаяқтар» арасында көбейе түсуде,-дейді Ақтау қаласы прокуратурасының бөлім прокуроры Мақсат Өмірбаев .

«Алаяқты қалай анықтауға болады? Oның өзгелерден айырмашылығы неде?

Прокурордың мәлімдеуінше, «Қандай да бір адам сенімге кіріп, соңында бөтен мүлікке қол салса, ол алаяқ болып табылады. Елімізде алаяқтық үшін қылмыстық жауапкершілік бекітілген. ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабында «Алаяқтық, яғни бөтеннің мүлкін жымқыру немесе алдау немесе сенімді теріс пайдалану жолымен бөтен мүлікке құқықты иемдену – мүлкі тәркіленіп, бір мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Қылмысты бірнеше рет немесе адамдар тобы болып жасаған жағдайда, қылмыс деңгейіне байланысты бас бостандығынан айыру жазасы заң аясында он жылға дейін созылуы мүмкін».

-Алаяқ адамдардың негізгі мақсаты - өзінің құрбанынан алдау арқылы дүние не қаражатты ерікті түрде алу. Мұндай жағдайда кейбір жәбірленушілер өздерінің алданғанын жариялауға намыстанып, тиісті

орындарға хабарламауы мүмкін. Осы әрекетімен алаяқтың пиғылын одан әрі кедергісіз жалғастыра беруіне мүмкіндік тудырады.

Алаяқтардың адамдар тобы болып, ірі көлемде пайда табу мақсатында ауыр қылмыстарға баруы да мүмкін.

Алаяқтарға жеңіл пайда табуды көздеген немесе бір нәрсеге оңай әрі тез қол жеткізуді мақсат еткен жәбірленушілер ұрынып жатады. Алаяқтар неғұрлым тез әрі қысқа әрекет еткен сайын олар туралы ақпарат жинап, құрықтау қиынға соғады. Сондықтан да көпшілік жағдайда алаяқтар өз құрбандарын асықтырып отырады, - дейді бөлім прокуроры.

Оның айтуынша, «Мысалы, Маңғыстау облысының орталығында соңғы жылдары мемлекеттік бағдарламалар аясында қолжетімді баспаналар жергілікті әкімдік ішінде конкурс арқылы берілуде.

Осы жағдайды пайдаланғысы келген «қамқор алаяқтар» баспаналы болғысы келген жәбірленушілерге «Үй кезегін жылжытып береміз» деп, сол үшін қомақты түрде қаржыларын алып, өздеріне жаратып отырған. Арада біраз уақыт өткенде жәбірленушілер не үй жоқ, не ақша жоқ, өздерінің алданып қалғанын түсініп, құқық қорғау органдарына шағымдануда. Мұндай істер бүгінде соттарда жиі қаралады».

-Пәтерге байланысты алаяқтық бүгінгі таңда, өкінішке орай, өте жиі кездесетін қылмыс болып табылады. Пәтерлерді жалға алу-беру жұмыстарымен айналысатын «жалған риэлторлар» да пайда болуда. Олар ескі заңмен келісім шарт жасап, алдын ала төлемді алып алады да, соңынан ізін суытып отырады.

Ендігі жерде пластикалық төлем карталарына да қатысты алаяқтық қылмыстар ашылуда. Пластикалық картаға қатысты алаяқтықтан қорғанудың жалғыз амалы – кәдімгі қауіпсіздік ережені ұстану.

Банк қызметкерлері өз клиенттеріне пластикалық карта мен оның құпия кодын берген кезде аса мұқият болуын ескертеді.

Төлем карталарынан ақшалардың күрт азайғанын байқаған жағдайда тез арада банкке хабарласу керек,-деп ескертті Ақтау қаласы прокуратурасының бөлім прокуроры Мақсат Өмірбаев.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
Ай, 12 Апреля 2017 (14:49)
0 0
Тергеушілер бізде слабый, істі тергей алмайды.
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему