Есімін ел ұмытпас...
Курс валют в Актау
на 28/03/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Четверг,
28 Марта, 17:53
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Есімін ел ұмытпас...

11 Апреля 2017 (17:11) | 2516 | Автор: Мира Ботабекова

        

 

  Өткен  жылдардағы газет –журналдардың тігіндісін  ақтарып отырып,  1997   жылы жергілікті баспасөзге жарияланған Жаңаөзен қаласының тұрғыны Сейітжан   Исабергеновтың   «Сам мектебі және Жанбоз аға» атты мақаласын оқып шықтым. Бейнеу ауданында алғашқы орта мектеп 1966-1967 оқу жылында «Сам орта мектебі» болып ашылған. Биыл - Сам өңіріндегі алғашқы түлектердің мектеп бітіргендеріне 50 жыл. Олардың арасында  аудан, облыс, республика көлемінде қызмет етіп, қазір зейнеткерлікке шыққан Шамшадинов Аманғали, Оразбаев Еркінбек, Ережепов   Жұмабек, Тұрарбеков Төлебек, Әжібаев Айтжан, Өтетілеуов Қуан, Берниязова   Оңайгүл,  Ақмырзаева  Жаңылхан  сол  сияқты  о  дүниелік болып кеткен Қамбарова Ақсұлу, Қарғабаев Омар, Дүйсенбаев Нұран  бар.

        Жарты   ғасырға  толған   Сам   орта   мектебі  мұғалімдерінің ішінде озат мұғалім атанбағаны жоқ. Білім үздіктері Исабергенов Кенжеғұл, Қуанышбеков   Дәржан,  Өтетілеуов   Қылыш,  Тілеубаев Бұхарбай, Бержанов Найзағұл, Ағиманов Ораз, Наурызбаев Қызылғұл, Шәудірбаев Иманғали, Шолтанов Есенбай, Тастеміров Жұмағали, Өсербаев Құдабай, Әділханов   Сайын,  Жақыпов  Төлесін, Өтегенов Сайлау, ұстаздар  Самешова Әсима, Нажмеденова  Сәния, Тілеубергенова   Ұштап,   Қарабалина  Алтын, Көбегенова Шұға, Қарабалина Балғаным, Наурызбаева Сайлаухан,   Құрманбаева   Гүлдей, Кадирова Қарашаш және «Еңбек ардагері»    медалінің иегері Екібаева Сүткенже сияқты өз ісінің мамандары мен   тәжірибелі  мұғалімдерді  мақтанышпен  атауға   болады.

        Сам   мектебінде жас ұрпаққа білім беруде бар жанын салып қызмет еткен  Рзаев Жеткізген, Ережепов Пернебай, Жаңбыров Сұлтан, Сынабаев Құрмаш,  Наурызбаев Орынбасар  кейінірек аудандық білім бөлімін басқарды.

          Сам мектебі мұғалімдерінің ішінен Болов Бақыт, Рзаев Жеткізген,  Дәулетбаев  Сейілхан, Есбосынов Жұлдызбай, Насухаев Мұхаммедин, Қараев Сұлтан, Жаңбыров Сұлтан, Қалиев Қайырбек, Шығанбаев Өтес, Бердіханов Тұрлыхан, Мәденов Орынбасар, Есбергенов Айекен, Сынабаев Құрмаш, Өтетілеуов Қылыш, Сақтағанов Сайын, Машырықов Оңайбай, Оразалин   Ермекбай, Ашықбаев  Қалдымұрат, Тақабаев Сабырғали, Ыбыраев Көмек, Сағындықов Жалғас, Оразаев Жолан, Амантұрлин Қалдан, Азанов Әлімбай, Қараев Қуанышкерей, Бөлеубаева Сәлима орта мектептердің  директорлары  болды.

          Сам  орта мектебін  1971 жылы  Маңғыстауда  тұңғыш «Алтын медаль»  иегері   Дүйсенбаев  Баймұханбет   бітіріп  шықты.

          Сам  өңірінде туып, білім алған қазіргі таңда облыстық деңгейде қызмет атқарып   жүрген облыстық білім бөлімінің басшысы Тастемірова Зейнеп пен облыстық экология басқармасы басшысының орынбасары Тоқжанов  Орынбасар  –осы   мектептің   түлектері.

      Білім ордасының  екі түлегі  Қараев Жауынбай мен Дүйсенбаев Баймұханбет    физика –математика  ғылымдарының  докторлары   атанды.

          Мектепті ең озат мектеп атанып, жоғары дәрежеге  жетуіне  ұстаздардың еткен  еңбегі орасан. Олардың барлығы дерлік КСРО, Қазақ ССР  халық   ағарту  ісінің  озық  қызметкерлері.

        Маңғыстауда ел есінде қалған тұлғалар көптеп саналады. Олардың есімдері әрқашан ел  жадында.  Солардың бірі -  Сам орта мектебінің директоры болған Екібаев Жанбоз. Ол 1932 жылы Маңғыстау ауданының Таушық   кентінде   туған. 1939-1940 оқу жылында бірінші сыныпқа келіп, 1949 жылы оныншы  класты бітірген. Шахта орта мектебінің алғашқы түлектерінің бірі.

           Оқуды үздік оқып, алдыңғы қатарда болғаны үшін Жанбоз Екібаевқа  «Сталиндік   сыйлық»   берілген. Еңбекке   жастайынан   араласып,  1949-1950 оқу жылында Тұшықұдық жеті жылдық мектебінде физика –математикадан сабақ берген. 1950-1960 оқу жылдарында Қоңырорпа жетіжылдық, Шахта орта мектебінде, Құйбышев орта мектебінде, Ленин атындағы орта мектепте, Сталин атындағы орта мектептерде сабақ берген. 1960 жылы Үстірттегі Сам мектебіне оқу ісінің меңгерушісі, 1963 жылы мектеп  директоры  болған.

            Сам өңірінде өзі басшы бола жүріп, алғашқы орта мектепті 1966-1967 оқу жылында аштырды. Ғұмырының көп бөлігін осы мектепті көркейтуге, жан-жақты жетілдіруге жұмсады. Қиян шеттегі мектепті республикадағы ең озат үлгі-тірек мектебі дәрежесіне көтеріп, тер төкті. Еңбегі бағаланбай қалған жоқ. 1965 жылы «Қазақ ССР халық ағарту ісінің озат қызметкері» белгісімен, 1966 жылы «Еңбектегі ерлігі үшін» медалімен, 1976 жылы «Құрмет   белгісі» орденімен, 1970 жылы «Лениннің 100 жылдық» медалімен, 1974 жылы «Социалистік жарыстың» медалімен наградталған.   

         Денсаулығына байланысты мектеп директорлығын 1977 жылы өз өтініші бойынша тапсырды. Одан кейінгі жылдарда аудандық мәдениет бөлімінде автоклуб меңгерушісі болып жүмыс атқарды. Денсаулығының ақаулығына қарамастан, әсіресе малшы ауылдар арасында тынымсыз еңбек етті. Аудандық, облыстық автоклуб қызметкерлерінің конкурстарының жүлдегері атанды.

          Жәкеңді білім және мәдениет саласындағы еңбектерін бағалап, 1983 жылы Қазақ ССР-і мәдениет қызметкерлерінің кәсіподағы республикалық комитетінің Құрмет дипломымен наградталды. Сол сияқты бірнеше рет ауылдық  советтің   депутаты болса,    1968 жылы  Маңғыстау аудандық тексеру комиссиясының мүшесі болып сайланған. Қиын – қыстау кезеңде мектепті басқарып, аудан, облыс, республика көлеміндегі белгілі азаматтарды тәрбиелеген, ұрпақ тәрбиесіне білім мен білігін, қайраты мен жігерін барлық негізгі ғұмырын білім саласының дамуына үлесін қосқан аяулы азамат Жанбоз Екібаевты есте қалдыруға қандай құрмет көрсетсе де артық емес. Жанбоз ағамыздың  әліде бергенінен берері көп кезінде, ел ағасына айналған шағында соңғы кездері жабысқан дертінен 1984 жылдың 20-шы маусымында елу екі жасында дүниеден өтті.

        Қолғанат Нұржаубайұлының «Қияға қызықтырып жетеледің» деген кітабына алғыс сөз жазған Қазақстанның халық жазушысы Әбіш Кекілбаев былай деген болатын: «Ал енді ол кісі санаулы жерлерде ғана жұмыс жасады, онша қыдырмалы мұғалім болған жоқ, ағаның қатты көп еңбек сіңірген мектебіне өзінің атын берсе деп тілейміз. Бұл жерде оқу –ағарту ісіне Жәкеңдей еңбек сіңірген, Жәкеңдей адал, өнеге боп қоса алатын ұстаздар аз, сондықтан Жанбоз ағаның атын ұстанған мектеп болашақта үлкен ағарту майданының ең үздік ұясы болар еді деп ойлаймын. Ол мектепке  Жанбоз Екібаевтың есімін бергеннен аудандағы, облыстағы, басшы   азаматтардың   абыройы - беделі   асқақтамаса   ортаймасы  анық».

           Осы орайда, биыл 85 жасқа толатын Жанбоз Екібаевтың есімін Бейнеу кентіндегі Сам орта мектебіне беруді облыстық ономастикалық комиссия мүшелерінен сұраймын. Менің бұл ұсынысымды облыс тұрғындары қолдайды деген пікірдемін.

Бөлтекова Гүлнұр Боранбайқызы, Сам орта мектебінің түлегі.      

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему