Ақтауға Иранның жауынгерлік кемелері келді
Курс валют в Актау
на 20/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
20 Апреля, 04:04
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Ақтауға Иранның жауынгерлік кемелері келді

11 Апреля 2017 (17:08) | 2147 | Автор: Мира Ботабекова

 

Қазақстан мен Иран әскери теңіз күштерінің арасында байланыс орнады. Бүгін Ақтау халықаралық теңіз портына достық сапармен Иранның жауынгерлік кемелері келді. Бұл Ислам Республикасы теңізшілерінің еліміз тәуелсіздік алғалы Қазақстанға жасаған алғашқы сапары.    

Ақтаулықтар Иран ислам республикасының әскери теңізшілерін салтанатты түрде қарсы алды. Әскери оркестрдің сүйемелдеуімен күй тартылып, ән шырқалды. Меймандар қонақжай қазақтың шұбаты мен бауырсағынан дәм татты.

Ақтау теңіз портына аялдаған қос жауынгерлік кеме – Иранның ең үлкен су көліктері. «Дамаванд» және «Пейкан» кемелері Иранның өз өнімі. Анзалиде жасалған. 1500 тонна су ығыстыра алатын қуаты бар.

Экипаж құрамы 200 адамнан тұрады. Бұл кемелер жасағы Каспийдегі Ресей, Әзірбайжан порттарына сапарлап, енді міне Ақтау портына да табан тіреді.

МАХМУД АМУЗЕШ, ИРАН ӘСКЕРИ ТЕҢІЗ КҮШТЕРІНЕ ҚАРАСТЫ КЕМЕЛЕР ЖАСАҒЫНЫҢ КОМАНДИРІ:

-Каспий теңізі – бес елге ортақ. Сондықтан да оны қорғау бәріміздің міндетіміз. Осы орайда Каспий жағалауындағы елдермен байланыс орнатқымыз келеді. Қазақстандық әріптестермен тәжірибе алмассақ дейміз. Болашақта бірлескен оқу-жаттығуларын да өткізуіміз мүмкін. Біз бүгін Қазақстанға ең үлкен кемелерімізді алып келдік. 2013 жылы жасалған бұл кемелерде тікұшаққа арналған ұшу-қону алаңы бар. Озық қондырғылармен және қарулармен жарақталған.

Ирандықтардың басты мақсаты – қазақстандық әріптестерімен танысып, өзара байланыс орнату. Олар Ақтауда 4 күн аялдауды жоспарлап отыр. Киелі Маңғыстаудың тарихи жерлерін аралап, түрлі кездесулер ұйымдастырады.

            Қос елдің әскерилері бұл сапар үлкен достықтың, тығыз қарым-қатынастың бастауы боларына сенімді. Алдағы айларда Қазақстанның әскери теңізшілері де Иранға сапарлап, тәуелсіз Қазақстанның осы уақытқа дейінгі жеткен жетістігін паш етпек ниетте.

 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему