Етке тапсырыс берсеңіз шұбатты тегін ішесіз
Курс валют в Актау
на 25/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Четверг,
25 Апреля, 05:39
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Етке тапсырыс берсеңіз шұбатты тегін ішесіз

11 Апреля 2017 (13:08) | 2150 | Автор: Мира Ботабекова

 

«Жорық қуырдақ» туралы естігеніңіз бар ма? Қазақша еттің ағаш табаққа салынып, дастарханға тартылуының сыры неде? Бұл сауалдардың жауабын Ақтау қаласы 7-ші шағын ауданнан табасыз. Қаламызда айрықша дәмхана ашылды. Мұнда бас сұққан жан қазақы дастарханнан дәм татып, ұмыт бола бастаған ұлттық тағамдарымыздан да ауыз тиеді.

 

 

Екі бөлмелі пәтер іші киіз үйге ұқсатып безендірілген. Келген жан аяқ киімін есік алдына шешіп, төрге озады. Құрақ көрпеге жайғасқан соң, қолыңызға су құйылады. Алдымен күрең шай мен бауырсақтан дәм татып, сонан соң ас мәзіріне көз саласыз.

 

Тағамдар тізімін жорық қуырдақ бастап тұр. Себебі тап осы ұлттық асқа сұраныс жоғары екен. Жасалу жолы да қарапайым. Туралып, тұздалған марқа, не бұзау еті қарынға салынып, бұқтырылады. Төлдің жас болуына орай, тағам тіске жұмсақ, жұғымды келеді. Бастысы, қазанда тез піседі.Аталған дәмханадағы тағамдар келген қонақтарға ағаш ыдыстармен ұсынылады. Дастарханға ағаш табақпен әкелінуі - қонаққа қазақи дәстүрмен ас тарту рәсімін дәріптейді. Қайта жаңғырған ұлттық асымыздың бірі осы «Жорық қуырдақ». Ерте заманда жауға қарсы жорыққа аттанған жауынгер жасақтың жеңсік асы болған деседі. Осы аңызды білетін жергілікті тұрғындар батыр бабалардың өр рухы, күш-қайраты бойға дарысын деген сеніммен құнарлы тағамға жиі тапсырыс береді екен.

 

Ұлттық астан соң қалауыңызша шұбат ішіп, тоқ басасыз. Жер үстел жанына құсжастықты шынтақтай кетіп, жайма-шуақ әңгіме құруға өзге ұлт өкілдері де құмар. Домбыра ала келетін өнерпаз жастар қашанда сыйлы қонақ саналады.

 

Алқажан Еділхан, қала тұрғыны:

- Бала кезімізде ет қамыр салғанда қалың болатын еді. Себебі не, ол кезде тамақтың басқа түрі қазіргідей болған жоқ. Қамырдың қалың болуы сол заманның, кісі ағзасының талабы деп біздер түсінеміз. Шүберекпен бірдей мына балалардың бізге ұсынған асы. Қандай дәмді, қандай жұғымды.

 

Кәсіпкер келешекте орталық жанындағы жер телімін жалға алып, киіз үйлер қалашығын құруды армандайды. Осы мақсатта қала әкімдігімен келіссөз жүргізуде. Кішігірім этноауылда ішімдіксіз той-садақа өтіп, туристер тамақтанбақ. Жоспар іске асса тағы да 10 адам жұмыспен қамтылады.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему