Жаңаөзенде оқу орталығы ашылды
Курс валют в Актау
на 29/03/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
29 Марта, 03:57
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Жаңаөзенде оқу орталығы ашылды

10 Апреля 2017 (10:31) | 3311 | Автор: Мира Ботабекова

 

Жаңаөзенде тағы бір жеке меншік оқу орталығы ашылды. Өзінің шағын оқу орнына «Самғай біл» деген атау қойған жеке кәсіпкер Асланбек Ұлықпанов «Жаңаөзенге жаңа серпін» бағдарламасы арқылы білімін жетілдіріп, жоспарын осылайша іске асырды. Жалға ғимарат алып, мектеп оқушыларына қосымша сабақтарды ұйымдастырады. Сонымен қатар, ересектерге компьютерлік курстарды да жүйеге қойған. Бұл туралы облыстық телеарна хабарлайды.

Әуелі Асланбек Ұлықпанов «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының ұйымдастыруымен өткен «Бастау» бизнес бағдарламасына қатысқан. Астана қаласынан арнайы келген тренерлерден 1 ай тәжірибе жинап, бизнес негіздерін оқыту практикалық курсынан өтті. Бүгінде қол астына білікті ұстаздарды біріктіріп, тағы бір оқу ошағын ашып қойды. Осылайша, өз кәсібін дөңгелетіп отыр.

Асланбек Ұлықпанов - «Самғай біл» оқу орталығының басшысы:

-1 айлық курстың барлық сабақтарына толықтай қатысып, арнайы келген тренерден бизнес бастаудың  барлық қыр-сырын, анық-қанығын үйрендім. Жеке кәсіп бастауға деген қабілетімді арттырып, өз ісімді бастадым.

Оқу орталығында бастауыш және жоғарғы сынып оқушыларына математика, ағылшын, қазақ тілі, орыс тілі, ментальды арифметика сабақтары өткізіледі. Мектеп бітірушілерге ҰБТ пәндеріне қосымша дайындық жүргізіледі. Мекеме қызметкерлері де компьютерлік курстарды осы орталықтан таба алады. Ал бастауыш сынып бүлдіршіндеріне үй тапсырмасын орындау, көркем жазу, сауат ашу сабақтары ұйымдастырылған.

Нұртас Жоламан - «Самғай біл» оқу орталығының оқушысы:

-Мен «Самғай біл» курсына 3 айдан бері қатысып жүрмін. Мұнда мен орыс тілі, ағылшын, ментальды арифметика сабақтарына қатысамын. Бұл курстар біздің логикамыздың дамуына көмектеседі.

Қазір оқу орталығы 5 мұғалімді жұмыспен қамтып отыр. Әзірге 50 оқушы білімдерін шыңдауда. Сабақтар 6 күн бойы өтеді. Жұмысбасты жандарға кешкі ауысым да бар. Оқу ақысы 6-12 мың теңге аралығында. Болашақта кәсібін ұлғайтуды көздейді, орталық басшысы.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему