Субұрқақтар1-ші мамыр күні іске қосылады
Курс валют в Актау
на 25/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Четверг,
25 Апреля, 17:53
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Субұрқақтар1-ші мамыр күні іске қосылады

10 Апреля 2017 (10:17) | 3089 | Автор: Мира Ботабекова

 

Ақтаудағы субұрқақтар 1-ші мамыр күні іске қосылады. Бұл туралы Ақтау қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бөлімінің басшысы Берік Ізғалиев мәлімдеді. «Оның айтуынша, қазір барлық субұрқақтарда тазалау, жөндеу жұмыстары жүріп жатыр»,-деп хабарлайды «Қазақстан-Ақтау». .

Ақтауда 10-нан аса субұрқақ бар. Бірақ, олардың санаулысы ғана әкімдікке тиесілі. Басым көпшілігі жеке меншік иесінде. Мәселен, «Достық» сауда орталығы маңындағы мына су бұрқақ бірнеше жыл қараусыз қалған. Халық көп шоғырланатын демалыс орны, бір кездері балалардың ойын алаңына болатын.

Осы олқылықты жергілікті әкімшілікпен бірге «Достық» сауда орталығының басшылығы қолға алды. Жауапты мекеме тиісті шараларды қабылдап, субұрқақты қайта қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Надежда Карась - жеке кәсіпкер:

-Субұрқақ жергілікті әкімдіктің бастамасымен іске қосылады. Бізге тапсырма берілді. Біз жауапты мекемелермен келісіп, тиісті шараларды орындап жатырмыз. Өз жағымыздан қажетті қаражат бөлдік. Жаңа қозғалтқыш сатып алынды. Қалғанын "Каспий жылу су арнасы" мекемесі істейді. Жұмыс жоспар бойынша жүрсе, мереке күні субұрқақ іске қосылады.

Бұдан бөлек қалалық әкімдік жанындағы "Каравелла", "Ақтау" қонақ үйі, "Ардагер" сауда орталығы және орталық мешіт жанында су бұрқақтар бар. Олардың барлығы  мамыр-маусым айларында іске қосылады. Сондай-ақ, әкімдік меншігіндегі субұрқақтардың суы ай сайын ауысытырылып, тазаланып тұрады. Бұл іс  "Қала жолдары " серіктестігіне жүктелді.

Берік Ізғалиев - қалалық ТҮКШ бөлімінің басшысы

Мамыр, маусым айларының ішінде оларды қосып, халықтың бір демалуына қолайлы жағдай жасағымыз келеді. Биыл барлық жоспарымыз іске асса, 3 субұрқақ қаламызда бірдей жұмыс жасайды. Ақтау қалалық құрылыс бөлімімен де "Ынтымақ" алаңындағы "Құрманғазы" ескерткіші жаныннан жаңа субұрқақтың ЖСҚ жасалды. Мемлекеттік сараптаманың қорытындысы алынған. Бұған да тиісті қаражат бөлінсе, бұл да іске қосылады. Жоба жасақталды.

Демек, жазда тұрғындар демалатын, аптап ыстықта маңына жиналып дамылдайтын көрікті орындардың саны артады.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему