Маңғыстау облыстық соты жаңа заңнамалардағы жаңашылдықтарды талқылады
Курс валют в Актау
на 29/03/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
29 Марта, 06:55
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстау облыстық соты жаңа заңнамалардағы жаңашылдықтарды талқылады

6 Апреля 2017 (12:50) | 1678 | Автор: Нурганым Имашева

 

 

Маңғыстау облыстық сотында «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» жаңа Заңның жаңашылдықтары талқыланды.

Сонымен қатар, мемлекет басшысы жүктеген құқықтық айқындылық деңгейін арттыру, тұрақты әрі болжамды сот практикасын қалыптастыру мақсатында қабылданған жаңа заңнамаларда назардан тыс қалмады.

Іс-шараға Маңғыстау облыстық сотының төрағасы Ж.Аланов, сот алқасының төрағалары, облыстық соттың судьялары, аудандық және оған теңестірілген соттардың төрағалары мен судьялары, Маңғыстау облысы бойынша Соттар Әкімшісінің басшысы қатысты.

Жалпы отырыс жұмысын аша келе Ж.Аланов Конституция бойынша 25 бапқа, Президенттің өкілеттігін бөлу туралы 36 заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізілгендігін жеткізді. Сондай-ақ, ол Ата Заң тәуелсіздігіміз бен тұтастығымыздың кепілі ретінде бірлігімізді бекемдеп, елдегі тұрақтылық пен татулықтың берік тұтқасына айналғандығын айтып, Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу арқылы еліміз жаңа бір дәуірге қадам басатындығына тоқталды.

Аталған шара барысында Маңғыстау облыстық сотының судьясы А.Молбаева Ата заңға енгізілген өзгерістер мен толықтырулардың жалпы сипаттамасы туралы баяндама оқып, 79-баптың 3-тармағы Республика соттарының судьяларына қойылатын талаптар, 81-бап Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты, 83-баптың 1-тармағындағы прокуратура туралы өзгерістердің мәнін ашып түсіндірді.

-Ата Заң – біз үшін алдағы уақытта да өзіміздің биік мақсатымыз – мемлекеттердің әлемдік қоғамдастыққа енген, азаматтардың дәулетті де лайықты өмір сүруіне барлық жағдай жасалған тәуелсіз экономикалық өркенді мемлекет құру жолындағы ілгері басуымыздың негізін қалаушы басты құжат болып қала береді,- деді А.Молбаева.

Одан әрі «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» және «Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сот Кеңесі» туралы Заңдарына, Бюджет және Салық кодексі, "Астана" халықаралық қаржы орталығы туралы Заңы, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы Заңы және Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы Заңындағы енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы облыстық соттың судьясы Г.Бақытжанова толықтырып айтып өтті.

Облыстық соттың судьялары Ш.Есбаганбетов және Х.Қаженова Қазақстан Республикасының Жер кодексі туралы баяндама оқып, Маңғыстау облыстық соттарымен 2015-2016 жылдары қаралған жер қатынастары даулары бойынша мәліметтер келтірді. Шара соңында сот төрағасы заңнамаларға енгізілген түзетулердің артықшылықтарын айтып, қатысушылар өз ойларымен бөлісті.

Бұл туралы біздің басылымға Маңғыстау облыстық сотының баспасөз маманы Нұршат Өтеулиева хабарлады.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему