Пәтер алаяқтарынан абай болыңыз!
Курс валют в Актау
на 26/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
26 Апреля, 23:25
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Пәтер алаяқтарынан абай болыңыз!

5 Апреля 2017 (15:07) | 2865 | Автор: Мира Ботабекова

 

Елімізде пәтер алаяқтарының саны артпаса, кемімей отыр. Мәселен, Маңғыстау облысында соңғы 7 жылда 800 тұрғын алаяқтардың арбауына түсіп қалған. Бірі басындағы жалғыз баспанасынан, тағы бірі қолдағы бар жиған қаражатынан айрылған. «Қитұрқы әрекеттің шеберлері» көбнесе қарт адамдарды, тұрмысы төмен отбасылар мен науқас жандарды тақырға отырғызған.

Ақтау қалалық сотының судьясы Аралбай Нағашыбаевтың тәжірибесінде талай алаяқтар кездесіпті. Судьяның айтуынша, алаяқтық қылмысы қоғамдағы өзгерістерге, экономикалық жағдайларға байланысты жыл сайын түрленіп отырады екен. Қазіргі уақытта мұнай компанияларына жұмысқа тұрғызып беруге, мемлекеттік «Қолжетімді баспана» бағдарламасы арқылы пәтер алып беруге және кезектен тыс арзан жер учаскесін алып беруге уәде етуші қылмыскерлер көбейген.

АРАЛБАЙ НАҒАШЫБАЕВ, АҚТАУ ҚАЛАЛЫҚ СОТЫНЫҢ СУДЬЯСЫ:

-          2015 жылы қалалық сотта «алаяқтық» дерегі бойынша 85 тұлғаға үкім шықты. Ал, былтыр 69 адам сотталды. Бұл бап бойынша айыпталатындардың басым бөлігі, 50 пайыздан астамы әйелдер.

Елімізде алаяқтық қылмыстардың көбеюіне орай, 2015 жылдың 1-қаңтарынан бастап алаяқтық қылмыс жасағандарға жаза күшейтілді. Қазақстанның қылмыстық кодексіне жаңа өзгерістер енгізілді.

АРАЛБАЙ НАҒАШЫБАЕВ, АҚТАУ ҚАЛАЛЫҚ СОТЫНЫҢ СУДЬЯСЫ:

-2 жыл болды, алаяқтық жасағандарға қолданылатын жаза қатайтылды. ҚР қылмыстық кодексінің 190-бабының 1-ші бөлігінен 5-ші бөлігіне шейін адамдардың мүлкі міндетті түрде тәркілену көзделген. 3-4 бөліктерінде бұл өмірбақи белгілі бір қызметпен айналасу құқығынан айыру жазасы қолданылған.

            Аймақта соңғы 7 жылда үй, пәтер және жер учаскесімен байланысты 795 алаяқтық фактісі тіркелген. 600-ге жуық адам темір торға тоғытылды. Алаяқтардың тұзағына түскендердің қатарында жалғызбасты аналар, зейнеткерлермен қатар заңгерлер де бар.

АРАЛБАЙ НАҒАШЫБАЕВ, АҚТАУ ҚАЛАЛЫҚ СОТЫНЫҢ СУДЬЯСЫ:

-Алаяқтардың қулығы соншалық, олар тіпті жоғары білімі бар заңгерлерді де алдап, ақшасын алып кеткен. Менің тәжірибемде арзан пәтер аламын, деп ақшасын алаяқтарға ұстатқан нотариус қызметкерлері, қорғаушылар да болды. Қылмыскерлер адам психологиясын жақсы біледі. Сондықтан да кім болса да құжатын сұрап, жан-жақты сұрастырып, тексеріп, мән-жайды анықтап алу керек қой.

ТАЛҒАТ УӘЛИЕВ, МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ҚҰҚЫҚТЫҚ СТАТИСТИКА ЖӘНЕ АРНАЙЫ ЕСЕПКЕ АЛУ ЖӨНІНДЕГІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

-Алаяқтар өздерінің қылмыстық әрекетін топ болып жүзеге асырады. Алдын ала тыңғылықты дайындалады. Қолдан жасаған келісім-шарттарын шынайы құжаттардан еш айыра алмайсың. Өздерін әкімдік қызметкері не әкімдікте танысы бар адам ретінде таныстырып, соған сендіреді. Тіпті, көздеген мақсаттарына жету үшін жергілікті билікпен, құқық қорғау органдарымен, банктермен байланысты арттырады. Баспанаға мұқтаж адам күмәнді келісімдерге оңай сенеді.

 

Мамандардың айтуынша, бұл қылмыстың тамырына балта шауып, түбірімен жоқ қылу мүмкін емес. Алаяқтық жыл сайын түрленіп, тамырын кеңге жайып келеді. Бұл халықтың құқықтық сауататтылығының төмендігінен, дейді мамандар. Сондықтан да әр адам өз құқығын біліп, қай істі болмасын заңды түрде реттеу қажет.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему