Маңғыстаулық самбошылар Әлем чемпионатына қатысу құқын  жеңіп алды
Курс валют в Актау
на 24/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Среда,
24 Апреля, 05:08
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстаулық самбошылар Әлем чемпионатына қатысу құқын жеңіп алды

4 Апреля 2017 (16:55) | 1848 | Автор: Нурганым Имашева

 

Ақтөбе қаласында спорттық және жауынгерлік самбодан республика чемпионаты өтті. Байрақты бәсеке төрт күнге созылды. Оған еліміздің әр аймағынан жиналған 400-ден астам самбошы қатысты.

-Аталмыш жарыс Ташкентте өтетін Азия чемпионатына, Ашхабатта өтетін Азия ойындарына іріктеу бәсекесі болғандықтан, барлық мықтылар жиналды. Біздің спортшылар да есесін жібермей, жеңіс тұғырынан көріну үшін барын салып, күресті.

Жалпы жарысқа аймақтан 16 спортшыны алып барған болатынбыз, оның 2-уі қыз. Жарыс 30 наурыз бен 2 сәуір аралығында Ақтөбе қаласында өтті,-дейді ҚР еңбек сіңірген бапкері Берік Жұмағалиев.

Ел Чемпионатының нәтижесіне тоқталар болсақ, маңғыстаулық балуандар, «Жастар» балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің шәкірттері 52 келі салмақта Нұркен Домбаев алтыннан алқа тағып, Қазақстан Республикасының чемпионы атанды.

Сондай-ақ, 90 келі салмақта Асхат Хапанов екінші орынға тұрақтаса, 62 келі салмақта Бауыржан Ботабаев пен 48 келі салмақта Балнұр Аппазова үшінші орыннан көрінді.

Жарыста жеңімпаз атанғандар маусым айында Ташкентте өтетін Азия чемпионатынана жолдама алды және олар қараша айында Сочида өтетін Әлем чемпионатына қатысады. Одан бөлек, спортшыдарға шілдеде Астанада өтетін Елбасының жүлдесіне арналған халықаралық турнирге, Ашхабатта өтетін Азия ойындарына да жолдама берілді. 

-Алғашқы кездесуім шығысқазақстандық самбошы Мейрамбек Мұхтармен өтті, қарсыласымды 11:3 жеңіп, келесі кезеңге жолдама алдым.

 Екінші кездесуімде қызылордалық балуанды 5:1 есебімен ұтсам, үшінші кездесуде атыраулық спортшының жауырынын жерге тигізіп, финалға жолдама алдым.

Финалдық бәсеке де қызықты өтті, Оңтүстік Қазақстан самбошысын айқын басымдылықпен жеңіп, тұғырдың ең биік сатысына көтерілдім.

Жарыс жеңімпазы атанып, Азия, Әлем чемпионаттарына жолдама алғаным үшін аса қуаныштымын. Ендігі мақсат-осы жарыстарда елімнің әнұранын асқақтатып, көк туын желбірету,-дейді Нұркен Домбаев.

 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему