Құрық портынан Әзірбайжанға жүк жөнелтіле бастады
Курс валют в Актау
на 29/03/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
29 Марта, 04:48
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Құрық портынан Әзірбайжанға жүк жөнелтіле бастады

3 Апреля 2017 (17:20) | 2001 | Автор: Мира Ботабекова

 

Құрық теңіз портынан жүк жөнелтіле бастады. Қазақтың жаңа теңіз порты бір аптаның ішінде 2 кемені қабылдап, 3 пароммен жүк жөнелтіп үлгерді. Құрық порты әзірге Каспий теңізіндегі Әзірбайжан порттарымен қатынас жасауда. Алғашқы жүк 24 наурыз күні Әзірбайжанның Алят портына аттанған болатын. 2 мың тонна мұнай өнімдері тиелген алып кеме 18 сағатта діттеген жерге жеті. Ертең Құрық порты Әзірбайжанның «Барда» паромын» қабылдайды. Көрші елден негізінен құрылыс материалдары, автобөлшектер, жиһаз, азық-түлік, жеміс-жидек, көкөніс, кондитерлік өнімдері сияқты халық тұтынатын тауарлар жеткізілуде.

 

Талғат Оспанов, «Құрық» теңіз порты бас директорының пайдалану жөніндегі орынбасары:

-Осы Құрық порты Қазақстан мен Әзірбайжанның арасындағы тауар айналымын көбейтуге атсалысады. Себебі, Ақтау портына қарағанда Құрық портынан Әзірбайжанға қатынау жақындау. Ақтау портынан 24 сағат болса, Құрық портынан Әзірбайжан мемлекетіндегі Алян портына 18 сағатта жетуге болады. Тезірек жетіп, тауар өнімдері көбейеді деген сенімдеміз. Жылдың аяғына дейін Әзірбайжанға біздер 500 мың тонна көлемінде мұнай өнімдерін жібермекшіміз.

 

Жалпы, Құрық порты арқылы жылына 5 млн тоннаға дейін жүк тиеп, жөнелту көзделіп отыр. Әзірге, кемелерге темір жол арқылы жүк тиеліп жатыр. Порттағы екінші айлақ биыл желтоқсан айында пайдалануға берілмек. Жүк және жолаушы кемелері түйісетін тағы 2 көпір салынады.

 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему