Құрылыс жабдықтарын дайындайтын цех іске қосылды
Курс валют в Актау
на 24/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Среда,
24 Апреля, 06:19
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Құрылыс жабдықтарын дайындайтын цех іске қосылды

3 Апреля 2017 (17:14) | 1978 | Автор: Мира Ботабекова

 

Ақтауда заманауи құрылыс жабдықтарын дайындайтын цех іске қосылды. Кәсіпорын ғимараттардың сыртын безендіруге қажетті сәнді профильдер мен жылу сақтағыш жабын жасайды. Игілікті іс үшін кәсіпкер «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасынан қолдау тапқан. Несие алып, қондырғыларын алды. Бүгінде кәсіпкер жергілікті 6 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Бұл туралы «Қазақстан-Ақтау» телеарнасы хабарлады.

 

Қуаныш Ақлепесов - цех ашылғалы осында жұмыс істейді. Мамандығы - бағдарламашы. Негізі жұмысы станокта. «Пенопластты қажетті формада кесіп, өрнектеп, бояу цехына жібереді. Әуелде шетелдік құрылғыда жұмыс істеу қиын болды»,- дейді ол.

 

Қуаныш Ақлепесов – жұмысшы:

-Өйткені, бұл турецкий аппарат. Түрік мамандары келді басында. Ашылған кезде. Түрік мамандарымен жұмыс жасадық. Солардан дәріс алып, үйреніп, солардың қасынан үйреніп, енді қазір өзіміз жас маман болып жұмыс істеп жатырмыз.

 

1500 шаршы метр аумақты алып отырған цех заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталған. Мұнда панельдердің түрі бар. Тас пен кірпіш, ағаш, мәрмәр және т.б. Өндіріс негізгі шикізат ретінде пенопластты пайдаланады. Оған беріктік пен жылуға төзімділік қасиетін беру үшін қоспа құйылады. Ал, қоспа кварцты құмнан, арнайы крем мен химиялық қосындылардан дайындалады. Тұтынушылардың талғамы мен сұранысына сәйкес кез келген түстегі өнім шығаратын цехтың болашаққа жоспарлары көп.

 

Азамат Тасмағамбетов - цехтің коммерциялық директоры:

-Тек қана Маңғыстау облысының ғана емес, Жалпы Қазақстан бойынша ашылғымыз келіп отыр. Өйткені, Ақтауды таңдаған себебіміз, мына жерде бізде логистикалық өте ыңғайлы жеріміз бар. Ғимаратымыздың артында теміржол бар. Теміржол арқылы Қазақстанның түкпір-түкпіріне материалдарымызды жеткізе аламыз.

 

Ақтау транспорттық, логистикалық жағынан өте қолайлы қала. Мұнда күнде көптеген жүк көліктері тауар әкеледі. Кәсіпкер сол көліктердің кері бағытына өнімдерін жіберіп отыруды көздеді. Алдымен Атырау, Ақтөбе сияқты қалаларға тасымалдағысы келеді.

 

Түрлі декорациялық пішіндер мен қасбеттік жабындарды шығаратын цех өнімді тапсырысқа байланысты шығарады. Қазір терезе жақтауларына сұраныс жоғары екен. Айта кетейік, бұл цех облыс үшін әзірге тың жобалардың бірі.

 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему